Об установлении нормативов отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий района Үлкен Нарын
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении нормативов отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий района Үлкен Нарын
- Атауы (қаз.)
- Үлкен Нарын ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативтерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 78
- Қабылданған күні
- 04.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2025 207710_746955.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25VU00078A
- ЭКБ идентификаторы
- 207710
- Редакция идентификаторы
- 207710_746955
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:48
0 Үлкен Нарын ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 140-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес, Үлкен Нарын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үлкен Нарын ауданының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативтері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Үлкен Нарын ауданының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативтері
Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «04» наурыздағы
№ 78 қаулысына
қосымша
Үлкен Нарын ауданының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативтері
Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін
таза кіріс сомасынан 5 пайыз
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз
Таза кірістің қалған бөлігі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың дамуына жұмсалады.