О регламенте Костанайского городского маслихата Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай қалалық мәслихатының регламенті туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес
Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай қалалық мәслихатының регламенті бекітілсін (қоса берілген).
Тармақ 2
2. «Қостанай қалалық мәслихатының регламенті туралы» Қостанай қалалық мәслихатының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 19 шешімінің күші бұзылсын.
Басқа 3. Қостанай қалалық мәслихатының
РЕГЛАМЕНТІ
Қостанай қалалық мәслихатының
2004 жылғы 26 маусымдағы
№ 66 шешімімен бекітілген
Қостанай қалалық мәслихатының
РЕГЛАМЕНТІ
Қалалық мәслихаттың регламенті мәслихат сессиясын өткізу, оның органдарын қалыптастыру және олардың қызметтерін ұйымдастырудың тәртіптері мен шарттарын, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қостанай қалалық мәслихаты - облыстың халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді орган.
Тармақ 2
2. Мәслихаттың қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясымен , Қазақстан «Республикасының Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңдарымен, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттейді.
Тармақ 3
3. Мәслихат аппараты мәслихат пен оның оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, сондай-ақ депутаттарға өздерінің өкілеттігін іске асыруын көмек көрсетеді.
Тармақ 4
4. Мәслихаттың кеңсе істерін жүргізу мен мәслихатқа келіп түсетін хат-хабар алмасуды өңдеу аппаратқа жүктеліп, Қазақстан Республикасының «әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес іске асырылады.
Тармақ 5
5. Мәслихат хатшысы осы Регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2. Жұмыстарды жоспарлау
2. Жұмыстарды жоспарлау
Тармақ 6
6. Қалалық мәслихат өз жұмысын перспективалық (жылдық) жоспар негізінде жүргізеді. Жоспардың жобасы келесі тәртіпте қалыптасады:
депутаттар, тұрақты комиссиялар, облыс әкімі, аудандық, қалалық мәслихаттар, сессия және тұрақты комиссиялардың қарауына жататын мәселелер бойынша қалалық мәслихаттың хатшысына, сондай-ақ, негізгі іс-шаралар мен депутаттарды оқыту бойынша өз ұсыныстарын өткен жылға жоспарланған жылдың 1 желтоқсан айына дейін енгізеді;
перспективті жоспардың жобасы жаңа жылдың басында құралып, барлық депутаттарға зерделеуге және ұсыныстар енгізуге ұсынылады.
Тармақ 7
7. Қалалық бір жылға жұмыс жоспары қатысып отырған депутаттардың көпшілік даусымен сессияда бекітіледі. Жоспарға кезекті сессияларда өзгертулер енгізілуі мүмкін.
Бекітілген жоспары қалалық мәслихат депутаттарына, сондай-ақ, қажеттікке орай, атқарушы органдардың басшыларына, қала әкіміне және басқа да лауазымды тұлғаларға жіберіледі.
Тарау 3. 3. Қалалық мәслихаттың сессиясын шақыру,
дайындау және әзірлеу тәртібі
3. Қалалық мәслихаттың сессиясын шақыру,
дайындау және әзірлеу тәртібі
Тармақ 8
8. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны болып табылады, онда заңдармен оның қарауына жатқызылған мәселелері шешіледі.
Тармақ 9
9. Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын қалалық мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болған ретте, мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімінен кешіктірмей, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
Мәслихаттың бірінші сессиясын тиісті сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді. Одан әрі сессияларды мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Сессия Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын тыңдауынан басталады.
Тармақ 10
10. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын қалалық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ облыс әкімінің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді.
Тармақ 11
11. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын қалалық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ қала әкімінің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді.
Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкін.
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын дайындауына басшылық етуді қалалық мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкімге - сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және әкімге - сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн қалғанда табыс етеді.
Тармақ 13
13. Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткізіледі.
Тармақ 14
14. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады.
Шешімдер сессияға қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Депутат сессия жұмысына қатысуға міндетті, ал егер дәлелді себептермен сессия жұмысына қатысуға мүмкін болмаған жағдайда, ол бұл туралы сессия төрағасын немесе мәслихат хатшысын хабардар етеді.
Тармақ 15
15. Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша жергілікті атқарушы органдар басшылары, қала аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру үшін мәслихат сессиясына келуге міндетті.
Әр сессияға шақырылғандардың тізімдерін оның төрағасы және мәслихат хатшысы айқындайды. Мәслихат сессиясының жұмысына араласуға шақырылғандардың құқығы жоқ, мақұлдау немесе келіспеусіздік білдіруден тартынуға, тәртіп сақтауға және сессия төрағасының әкімдеріне бағынуға міндетті.
Тармақ 15-1
15-1. «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткіз туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы N 19 Жарлығын орындау үшін, қала әкімі, жартажылдықта бір реттен кем емес, қалалық мәслихаттың депутаттары алдында, оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есеп береді. Есептің және оны талқылаудың нәтижелері бойынша қалалық мәслихаттың шешімі қабылданады.
Тармақ 16
16. Сессиясының күн тәртібі мәслихат жұмысының перспективтік жоспары, сессия төрағасы, мәслихат хатшысы, тұрақты комиссиялар, депутаттық топтар, депутаттар мен қала әкімі енгізетін мәселелер негізінде қалыптасады.
Сессия төрағасына күн тәртібіне ұсыныстарды билік және басқару органдары, азаматтар, аумақтар, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің жиналыстары бере алады.
Сессия президиумында төрағадан басқа қалалық мәслихат хатшысы, қала әкімі, облыстық мәслихат хатшысы, сессия шешімі бойынша басқа да тұлғалар бола алады.
Тармақ 17
17. Мәслихат сессиясы, әдетте, ашық сипатта болады. Мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімімен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, жабық сессия өткізуге рұқсат жол беріледі.
Тармақ 18
18. Баяндама және қосымша баяндамалар үшін уақыт сессия төрағасымен, баяндамашымен келісе отырып, белгіленеді.
Жарыс сөзде, сөз алушыларға жеті минутқа дейін, басқа уақыт ерекше ескертіледі; сауал беру - бес минутқа дейін, кандидатураны талқылау, отырыстарды жүргізу тәртібі дауыс беру, сұрақтар, ұсыныстар, хабарламалар, анықтамалар бойынша - үш минутқа дейін. Қажетті жағдайда сессия төрағасы депутаттардың келісімімен сөз алушылар мен баяндамашылар уақытын ұзартуы мүмкін.
Депутат болып табылмайтын тұлға тәртіпті дөрекі бұзған жағдайда, сессия төрағасының немесе сессияға қатысып отырған депутаттар көпшілігінің талабы бойынша отырыс залынан шығарылуы мүмкін.
Тармақ 19
19. Сессия төрағасының өз бастамасымен немесе қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігінің ұсынысы бойынша сессия жұмысында үзіліс жарияланады.
Сессияның ұзақтығын мәслихат белгілейді.
Сессия жұмысында мәслихат шешімі бойынша мәслихат белгілеген он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Жарыс сөзде сөз беру өтініші сессия төрағасына жазбаша түрде де, ауызша да беріледі.
Тұрақты комиссияның тапсырмасы бойынша сессияда сөз алған депутатқа, сессияда сөз кезектен тыс беріледі.
Сессияда сөз алушылар өз сөзінде депутаттардың және басқа да адамдардың ары мен намысына нұқсан келтіретін әдепсіз, дөрекі, қорлайтын сөздер қолдануға, депутаттық этика тәртібін бұзуға, заңсыз әрекеттерге баруға, қайсібір адамның атына негізсіз айып салуға құқы жоқ.
Осы шарттарды бұзған жағдайда төрағалық етуші сөз сөйлеушіні ескертеді, ал шартты бұзу қайталанған жағдайда, сөзден айырады.
Тармақ 21
21. Жарыс сөзді тоқтату сессия шешімі бойынша сессияға қатысып отырған депутаттардың ашық дауыс беру жолымен жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Әр мәселе бойынша дауыс берген кезінде депутаттың бір дауысы болады және оны «жақтап» немесе «қарсы» береді, немесе дауыс берген кезінде қалыс қалады. Дауыс беруге өз құқығын депутат тек жеке ғана жүзеге асырады, дауыс беру кезінде болмаған жағдайда, ол өз дауысын қабылданғаннан кейін беруге құқылы емес.
Болып өткен дауыс беру тәртібінде және техникасында қателік анықталған жағдайда сессия шешімімен қайта дауыс беру жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Мәслихат актілерін дайындау және ресімдеу тәртібі
4. Мәслихат актілерін дайындау және ресімдеу тәртібі
Тармақ 23
23. Мәслихаттың өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын шешімдері мәслихаттың актілері болып табылады.
Тармақ 24
24. Мәслихат өз қызметінде:
Тармақша 1
1) жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
Тармақша 2
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
Тармақша 3
3) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстануға;
Тармақша 4
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 25
25. Мәслихатқа Қазақстан Республикасының шегінде бірыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тыйым салынады.
Тармақ 26
26. Мәслихаттың жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
Тармақ 27
27. Мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңдарда белгіленген тәртіпте облыстың әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуіне жатады.
Тармақ 28
28. Мәслихаттың өз құзыреті шегінде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдері заңдарда белгіленген тәртіпте ресми жариялануға тиіс («Қостанай» газеті) және ол қала аумағында орындалуға міндетті.
Тармақ 29
29. Мәслихаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін шешімдерін мәслихаттың өзінің жоюы не сот тәртібімен жойылуы мүмкін.
Тармақ 30
30. Мәслихат шешімдерінің жобаларын дайындауды қалалық мәслихаттың аппараты Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдардың және осы Регламент талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
Жобалар мүдделі органдармен келісіліп, мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады, бірінші басшылардың немесе оларды адамдардың қойылады.
Қаралатын мәселелерден туындайтын жобалар міндетті түрде, атқарушы органдар мен мүдделі жақтардың құзыреті шегінде келісіледі.
Тармақ 31
31. Мәслихатқа жобаларды уақытында, сапалы даярлау және белгіленген мерзімде беру, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқалылығы үшін дербес жауапкершілігін оны даярлауды жүзеге асыратын органның бірінші басшысы атқарады.
Тармақ 32
32. Мәслихат хатшысының қолы қойылып шешімнің жобасы қарап жатқан мәселелерді сессия мәжілісінің күн тәртібіне немесе пысықтау және (немесе) қосымша келісілу үшін құрастырушыға қосу үшін мәслихат аппаратына жіберіледі.
Тармақ 33
33. Мәслихат шешімдеріне сессия төрағасы мен мәслихат хатшысы қол қояды. Актілердің түпнұсқаларына, оларға қол қойғаннан кейін түзетулер енгізуге болмайды.
Сессия шешімдері оларды бекіткен кезінде депутаттар енгізген ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып үш күндік мерзімде түзетіледі.
Әділет органдарында тіркеуден өткен мәслихат шешімдері ресми басылымдарда («Қостанай» газеті) жарияланады және мүдделі атқарушы органдарына жіберіледі.
Қалалық мәслихаттың шешімдерінің өз уақытында тіркеу мен жөнелтуді қызметтік нұсқауларға сәйкес жүктелген міндеттер есебінде мәслихат аппаратының қызметшілері жауап береді.
Сессия хаттамасы мәслихат аппаратымен ресімделеді.
Тарау 5. 5. Сессия төрағасы және мәслихат хатшысы
5. Сессия төрағасы және мәслихат хатшысы
Тармақ 34
34. Мәслихат сессиясының төрағасы - өз депутаттарының арасынан сайланған мәслихаттың лауазымды тұлғасы.
Тармақ 35
35. Мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихат хатшысы жүзеге асырады. Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.
Тармақ 36
36. Мәслихат сессиясының төрағасы:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясын әзірлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 3
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекітілген мәслихаттың мәслихаттың шешіміне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
Тармақ 37
37. Мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асырады.
Тармақ 38
38. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Отырыстың кезінде сессия төрағасының талқыланатын мәселелердің мәні бойынша депутаттардың сөйлеген сөзіне жанама сөйлеуге құқығы жоқ.
Тармақ 39
39. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады.
Тармақ 40
40. Мәслихат хатшысы:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
Тармақша 2
2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
Тармақша 3
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштерінің қаралуын бақылайды;
Тармақша 4
4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
Тармақша 6
6) мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
Тармақша 8
8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады;
Тармақша 10
10) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
Тармақша 11
11) мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды.
Тармақ 41
41. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Қалалық мәслихаттың комиссиялары
6. Қалалық мәслихаттың комиссиялары
Тармақ 42
42. Мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
Тұрақты комиссиялар өз жұмысын мәслихат сессиясында бекітілген перспективалық жоспар негізінде құрады.
Тармақ 43
43. Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамын мәслихат белгілейді. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін өз депутаттары арасынан тиісті мәслихат сайлайды.
Тармақ 44
44. Тұрақты комиссиялар өздерін сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына бір рет өз қызметі туралы есеп береді.
Тармақ 45
45. Тұрақты комиссиялар:
Тармақша 1
1) аталған мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгізуге;
Тармақша 2
2) өздерінің құзырына жататын әрі мәслихат сессиясының қарауына енгізілген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
Тармақша 3
3) өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгізуге;
Тармақша 5
5) комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерін және азаматтарды тартуға құқылы.
Тармақ 46
46. Әкімият, орталық атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгіленген тәртіпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 47
47. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанда кемінде бір рет шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылдайды.
Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Комиссия отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бірнеше тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өткізілген жағдайда, тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды.
Тармақ 48
48. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешімі бойынша көпшіліктік тыңдаулар өткізе алады. Көпшіліктік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлінше маңызды және қоғамдық мәні бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.
Тармақ 49
49. Көпшіліктік тыңдаулар мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіне енгізілетін мәселені әзірлеу барысында, істер жағдайымен толығырақ танысу, тыңдауларға қатысушылардың пікірлерін есепке алу және қорыту және мәслихат шешімінің жобасы бойынша ұсынымдарды өңдеу мақсатында өткізілуі мүмкін.
Тармақ 50
50. Көпшіліктік тыңдаулардың өткізілетін уақыты мен орны, сондай-ақ талқылауға енгізілген мәселе туралы қалалық мәслихат хатшысы тыңдаудан он күн бұрын депутаттар мен халыққа хабарлайды.
Тармақ 51
51. Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелерді сессияларда қарауға әзірлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдерін және құқықтарын мәслихат не мәслихат хатшысы оларды құру кезінде белгілейді.
Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды.
Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшін ақы төленбейді.
Тармақ 52
52. Мәслихат жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін өз өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын Мәслихат белгілейді. Тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін босатылған негізде жүзеге асырады. Тексеру комиссиясының жұмысына шарттық негізінде мәслихат депутаттары болып табылмайтын адамдар да қатыса алады.
Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Тексеру нәтижелері бойынша тексеру комиссиясы акт дайындайды, ол туралы Мәслихат пен әкімдікке хабарлайды. Тексерулер жылына кемінде бiр рет өткізіледі.
Тексеру комиссиясының отырыстарын қажет болған жағдайда төраға, Мәслихат хатшысы шақыртады, бірақ тоқсанда кемінде бiр рет ғана. Тексеру комиссиясының отырыстарына енгізілетін мәселелерді төраға және тексеру комиссияларының мүшелері дайындайды.
Тексеру комиссиясының отырыстары оның құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан көбі қатынасқан жағдайда заңды күші бар деп есептеледі.
Тексеру комиссиясының бақылау іс-шаралары нәтижелері қарастырылатын отырыстары келесі материалдар болған жағдайда өткізіледі:
өткізілген бақылау іс-шаралары нәтижелері бойынша ақпарат-қорытындылар;
тексеру комиссиясы қаулысының жобасы.
Жергілікті атқарушы органның қалалық бюджетті орындау туралы есебін қарастыру қорытындылары бойынша комиссия отырысы қала әкімдігі ұсынатын келесі материалдар болған жағдайда өткізіледі:
қалалық бюджеттің орындалуы туралы есеп;
түсіндірме жазба;
түсімдер бойынша орындау, сонымен қатар жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, оның ішінде олардың тиімділігін бағалау туралы талдамалық есеп.
Тексеру комиссиясы отырысына Мәслихат хатшысы, ведомстволар мен бақылау объектілерінің өкілдері, сонымен қатар төрағамен келісілген тізім бойынша шақырылған басқа да мүдделі тұлғалар қатынаса алады.
Тексеру комиссиясы отырысында хаттама жүргізіледі, онда қатысушы лауазымды тұлғалар, талқыланатын мәселелердің атауы мен пәні, баяндамашылар мен талқылауға қатынасушылар, олардың сөз сөйлеулерінің негізгі мазмұны және комиссия мүшелері қабылдаған шешімдер көрсетіледі. Қажет болған жағдайда отырыста қарастырылған мәселелер магнитофон лентасына (диктофонға) жазылады.
Мәслихат шешімімен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бақылау іс-шараларын орындау үшін жауапты орындаушылар мен орындау мерзімдері көрсетілген мәслихат хатшысының өкімі шығарылады. Бақылау іс-шаралары туралы өкім қатаң есепті бланктерде ресімделеді және міндетті түрде тексеру басталған күні тексерілуші ұйымның басшысына тапсырылады.
Тексеру комиссиясының төрағасы жұмыс жоспары және бақылау объектісін алдын ала зерделеу негізінде бюджеттік бағдарламаларды, мекемелер мен орындаушыларды атап бақылау іс-шараны өткізу бағдарламасын жасайды.
Тексеру комиссиясы мүшелері, Мәслихат аппараты қызметкерлері, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарының бақылау іс-шараларын өткізумен байланысты материалдарды зерделеу мен талдауға қатысуы қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын құпиялардың құпиялылық режимін қамтамасыз етуді ескеруімен іске асырылады.
Бақылау іс-шараларын өткізу нәтижелері бойынша екі данада тексеру акті ресімделеді және оған тексеруші, ұйымның басшысы және бас бухгалтері қол қояды. Бірінші данасы тексерілуші ұйымның басшысына (немесе жауапты лауазымды тұлғаға) тапсырылады, екіншісі - тексерушіде қалады.
Тексерілуші объектінің басшысын актімен таныстыру үш күннен астам емес мерзімде жүргізіледі.
Келіспеушілік болған жағдайда тексерілуші ұйымның басшысы өз қолының алдында «Келіспеушіліктермен» белгісін қояды және жеке құжаттармен өз келіспеушіліктерінің негіздемесін растайды. Он күн ішінде келіспеушіліктер тексеру комиссиясына жолданады.
Актіге тиісті құжаттармен расталмаған әртүрлі қорытындылар, ұсыныстар мен деректер енгізілмейді.
Тексеру комиссиясы алынған келіспеушіліктерді қарастырады және актіге қол қойылған күннен бастап он күн ішінде ұйымның басшысына жазбаша жауап береді.
Бақылау нәтижелері бойынша төраға тексеру комиссиясында қарастыруға материалдар, комиссия қаулысының жобасын және бақылау нәтижелері туралы ақпарат дайындайды.
Тексеру комиссиясы қабылдаған қаулыларын іске асыру барысын бақылауды төраға жүзеге асырады.
Тексеру комиссиясы жұмысының жариялылығы қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тексеру комиссиясы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдары және ішкі бақылау қызметтері келісім бойынша бірлескен бақылау қызметін жүзеге асыра алады.
Тексеру комиссиясы мен қаржылық бақылау органдары кешенді бақылауды жылына бір реттен артық емес және екі жылда кемінде бір рет өткізеді.
Тексеру комиссиясы мүшелеріне бақылау актілерінде баяндалған мәліметтердің растығына, объективтілігіне және толықтығына қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған жауапкершілік жүктеледі.
Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
Тармақша 1
1) өзінің мазмұны жағынан жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның есебі бойынша қорытынды болып табылатын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті белгіленген мерзімде Мәслихатқа береді;
Тармақша 2
2) Мәслихат пен әкімдікке бақылау нәтижелері бойынша жергілікті бюджет қаражаттарының нысаналы емес, негізсіз және тиімсіз пайдаланылу фактілері жөнінде, сондай-ақ жергілікті бюджетті атқару жөніндегі жұмыстағы кемшіліктер туралы ақпарат береді;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығыстарын атқару сәйкестігіне, қаржы есептілігі мен тиімділігіне бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) жергілікті бюджеттің атқарылуына ықпал ететін нормативтік құқықтық актілердің қолданысы жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
Тармақша 5
5) құпиялық режимінің, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергілікті бюджеттің атқарылу мәселелеріне қатысты құжаттамамен кедергісіз танысады;
Тармақша 6
6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінен белгіленген мерзімде жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тексеру комиссиясы өзін сайлаған Мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп береді.
Тексеру комиссиясының ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары қалалық Мәслихат сессиясында қарастырылады және оның шешімімен Мәслихаттың жалпы жоспарының бөлігі ретінде бекітіледі.
Тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспарында қалалық бюджеттің орындалуын жан-жақты жүйелі бақылауды қамтамасыз ететін негізгі бағыттар мен іс-шаралар тізімі болуға тиіс.
Тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспарын іске асыру үшін төраға тоқсандық жұмыс жоспарын әзірлейді, оны Мәслихат хатшысы бекітеді. Төраға тоқсандық жоспарларға енгізілетін мәселелер тізімін келесі тоқсанның басына дейінгі он күн ішінде тексеру комиссиясы мүшелерінің ұсыныстары бойынша жасайды.
Тексеру комиссиясының жұмыс жоспарларының орындалуын бақылауды төраға жүзеге асырады.
Тарау 7. 7. Қалалық мәслихаттың депутаты
7. Қалалық мәслихаттың депутаты
Тармақ 53
53. Депутат міндетті:
Тармақша 1
1) мәслихаттың және өзі құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
Тармақша 2
2) өз округі сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы ұдайы, бірақ жылына кемінде бір рет, хабарлап отыруға, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
Тармақша 3
3) сайлаушылардың өзіне келіп түскен өтініштерін қарауға, өз сайлау округтарында азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы, бірақ айына кемінде екі рет жүргізуге.
Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, тиісті әкімшілік-аймақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді.
Мәслихат депутатының өкілеттігі тиісті аймақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркелген кезден басталып, мәслихат өкілеттігі тоқталған кезден бастап тоқтайды;
Тармақша 4
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністе тұруға.
Тармақ 54
54. Депутат өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаса, оның ішінде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарына дәлелді себептерсіз қатарынан уш реттен артық қатыспаса, депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 55
55. Депутат құқылы:
Тармақша 1
1) сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесі болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау ушін мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешімдер қабылдауға қатысуға;
Тармақша 3
3) алынып тасталды;
Тармақша 4
4) сессияда қала аумағында орналасқан жергілікті атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша есептерін тыңдау ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) қалалық мәслихат отырыстарының жұмысына қатысуға;
Тармақша 6
6) мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
Тармақша 7
7) саяси партиялардың депутаттық топтары түрінде депутаттық бірлестіктер құруға. Саяси партияның депутаттық тобы мәслихаттың кемінде бес депутатын біріктіруге тиіс.
Саяси партиялардың депутаттық тобын тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады.
Тіркелген бірлестіктер сессияларда, комиссия отырыстарында, көпшіліктік тыңдауларда және тағы басқаларда, олардың қызметіне қатысты мәселелерді кейін шешімдер қабылдауымен талқылауға шығаруға құқылы.
Тармақ 56
56. Депутаттық қызметтің мәселелері жөнінде депутат мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік ұйымдарға кедергісіз бару, сондай-ақ басшылар мен басқа лауазымды тұлғаларымен оларды міндетті түрде қабылдауы құқығымен пайдаланады.
Тармақ 57
57. Депутат регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар қала әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, сессиялар өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.
Тарау 8. 8. Депутаттық сауал. Бақылау өкілеттіктерін жүзеге асыру
8. Депутаттық сауал. Бақылау өкілеттіктерін жүзеге асыру
Тармақ 58
58. Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдарына мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жүгінуге құқылы.
Депутаттық сауалдың жауабы жазбаша түрде, бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде берілуге тиіс. Депутат сауалға берілген жауап бойынша өз пікірін білдіруге құқылы.
Прокурордың атына берілген сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиіс.
Тармақ 59
59. Қалалық мәслихат шешімдерін орындалуына бақылауды оның хатшысы жүзеге асырады. Атқарушы органдарының басшылары және өзге де ұйымдар мен ведомстволардың лауазымды тұлғалары сессия шешімдерін іске асыру бойынша есеп береді.
Тармақ 60
60. Мәслихат депутаттарынан сессияларда келіп түскен ұсыныстары мен ескертулерді мәслихат аппаратымен қорытылады және атқарушы органдарының, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына жіберіледі, олар бір айдың ішінде мәслихат хатшысына қабылданған шаралар туралы ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 61
61. Қалалық мәслихат шешімін, сауалдарды, депутаттар мен сайлаушылардың өтініштерін орындау туралы мәслихат хатшысы ұдайы сессияларда депутаттарға хабарлайды.
Тармақ 62
62. Қалалық мәслихатқа келіп түсетін хаттар тіркеледі. Орындаушыларға нұсқаулар, тәртіп нұсқаулар, әдеттегідей мәслихат хатшысының бұрыштама нысанында беріледі.
Азаматтардың өтініштері мәслихатқа келіп түскен күнінен бір айға дейінгі мерзімде, ал қосымша қарау және тексеруді талап етпейтін - 15 күннен кешіктірілмей қаралады және олар бойынша шешімдер қабылданады. Қосымша тексеру өткізуге қажет болған жағдайда, мерзімдер мәслихат хатшысымен ұзартылуы мүмкін, бірақ бір айдан астам емес, ол туралы өтініш берушіге хабарланады.
Шешілуі мәслихат құзыретіне кірмейтін өтініштер 5 күн ішінде тиісті органдарға жіберіледі, ол туралы өтініш берушіге хабарланады.
Тармақ 63
63. Азаматтардың жеке қабылдауын мәслихат хатшысы және депутаттар кестеге сәйкес әр сәрсенбі күнінің екінші бөлігінде жүзеге асырады.
Тарау 9. 9. Қостанай қалалық депутаттарын сайлау бойынша қалалық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын құру және сайлау
9. Қостанай қалалық депутаттарын сайлау бойынша қалалық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын құру және сайлау
Тармақ 64
64. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру және сайлау - сайлау комиссиялары өкілеттіктерінің мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын басталады және кемінде уш күн қалғанда аяқталады.
Тармақ 65
65. Бұқаралық ақпарат құралдарында, сайлау комиссияларының құрылғандығы туралы хабарлама жарияланғанға дейін кемінде уш күн қалғанда қалалық мәслихаттың хатшысы өз өкімімен депутаттардан және аппарат қызметшілерінен тұратын сайлау комиссияларының құрамын құру жөніндегі Уақытша комиссия (Жұмыс тобы) құрады.
Тармақ 66
66. Уақытша комиссия саяси партиялардан және қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиялардан құрылатын комиссия құрамына кандидатуралар келіп түсетін ұсыныстарды жинаумен және өңдеумен айналысады. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына өзінің бір өкілін ұсынады. Саяси партиялар, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, жоғары тұрған комиссиялардың Уақытша комиссияға ұсынатын құжаттардың тізбесіне төмендегілер кіреді:
Тармақша 1
1) саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы, жоғары тұрған сайлау комиссиялары отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасынан көшірме;
Тармақша 3
3) кандидаттың мәслихат атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші және кандидат жайлы өмірбаян мәліметтері.
Тармақ 67
67. Сайлау комиссиялары құрамының жобасын дайындау кезінде Уақытша комиссия бірінші кезекте саяси партиялардан келіп түскен ұсыныстарды басшылыққа алады, одан кейін, келіп түскен ұсыныстар жеті мүшеден кем болған жағдайда, басқа да қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының кандидатуралары есепке алынады.
Тармақ 68
68. Сайлау комиссияларын сайлағанда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңынан туындаған негізге орай, мәслихаттар олардың бір ғана ұйымдардан құрылуына жол бермеуі керек, міндетті түрде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұрып жатқанын міндетті түрде ескеруі қажет. Президенттікке, Парламенттің және мәслихаттардың депутаттығына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар, кандидаттардың сенім білдірген адамдары, кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар сайлау комиссияларының бола алмайды.
Тармақ 69
69. Жаңа сайлау комиссияларының құрамына келіп түскен ұсыныстардың мерзімі аяқталған кезінде уақытша комиссия (Жұмыс тобы) сессия шешімдерінің жобасын және сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау бойынша бюллетеньдер дайындайды.
Тармақ 70
70. Шешімдер мен бюллетеньдердің жобалары бөлек дайындалады:
Тармақша 1
1) қалалық сайлау комиссиясы бойынша;
Тармақша 2
2) Қостанай қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау бойынша;
Тармақша 3
3) учаскелік сайлау комиссиялары бойынша.
Тармақ 71
71. Саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының, сайлау комиссиялары құрамына ұсынылған барлық кандидатуралар, олардан келіп түскен кезек бойынша шешімдердің және бюллетеньдердің жобасына енгізіледі және Уақытша комиссияның арнайы журналына тіркеледі.
Тармақ 72
72. Сайлау комиссияларының мүшелері сайлау ашық дауыс берумен де, жасырын дауыс беруімен де жүргізіледі.
Тармақ 73
73. Сайлау комиссияларының мүшелері сайлау бойынша бюллетеньдерді, сессияға қатысып отырған қалалық мәслихаттың барлық депутаттары алады.
Тармақ 74
74. Дауыс берудің қорытындысын сессияда құрылған Есептеу комиссиясы шығарады. Есептеу комиссиясының сандық құрамы және төрағасы мәслихат сессиясында белгіленеді.
Тармақ 75
75. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мушелерінің санына (жеті) тең ұсыныстар түскен жағдайда Уақытша комиссия мәслихат сессиясына осы комиссияның құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Сессияға қатысушы депутаттардың көпшілігі дауыс берген комиссия мүшелері сайланған болып саналады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мушелерінің санынан артық (жетіден артық) ұсыныс түскен кезде, Уақытша комиссия мәслихат сессиясына рейтингілік дауыс беруді ұсынады. Басқаларға қарағанда көпшілік дауыстар санын жинаған кандидатуралар сайланған болып саналады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мушелерінің санынан (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде Уақытша комиссия бюллетеньдегі бос орынға басқа да қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен кандидатуралар енгізіледі, ал егер аталған кандидатуралар болмаған жағдайда, жоғары тұрған сайлау комиссияларымен ұсынылады (тиісті келіп түсу кезектілігі тәртібінде). Бос орынға олардың санына тең ұсыныстар түскен жағдайда Уақытша комиссия мәслихат сессиясына осы комиссияның құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Бос орынға олардың санынан артық ұсыныс түскен кезде, Уақытша комиссия мәслихат сессиясында комиссия құрамына саяси партиялардың өкілдерін сайлауды ұсынады, ал бос орындарға рейтингілік дауыс беруді өткізуді ұсынады.
Егер дауыс беру барысында сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидатуралар саны жетіге сәйкес болғанда, мәслихат депутаттары нақты бір кандидатураға қарсылығын білдірсе, ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын кандидатураға ауыстырылады. Бұл рәсімді бір реттен артық жүргізбеу ұсынылады.
Тармақ 76
76. Бюллетеньге үміткерлердің аты, жөні, тегі, кандидатураның қандай саяси партиялар ұсынғаны (басқа да қоғамдық бірлестіктерден, жоғары тұрған сайлау комиссияларынан) енгізіледі. Бюллетеньде кандидатуралар тектерінің оң жағында, депутаттар белгі қоятын квадраттар бейнеленеді. Депутаттар жеті квадратқа белгі қояды.
Тармақ 77
77. Дауыс берудің нәтижелерін мәслихаттың сессиясында Есептеу комиссиясы жариялайды.
Тармақ 78
78. Есептеу комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын және хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық отырысын өткізу мерзімі туралы жариялайды (оларды құрған уақыттан бастап жеті күн аралығынан кешіктірмей). Есептеу комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық отырысын жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесі туралы жариялайды. Осы кандидатура саны жағынан ең көп дауыс алғандығы бойынша анықталады. Депутаттар дауыстары тең болған жағдайда осы кандидатура бюллетеньде орналасқан орны бойынша анықталады.
Тармақ 79
79. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті сайлау комиссияларының құрамын жариялауды қамтамасыз етеді. Материалдар оған қосымшасымен басылымның бір нөмірінде басылуы керек.
Тармақ 80
80. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына көрсетілген жағдайда, мәслихат тиісті сайлау комиссиясының мүшесін босату туралы және шығып кеткеннің орнына сайлау туралы шешім қабылдайды. Босаған қызметін ауыстыруға осы сайлау комиссиясына олардың өкілдері кірмейтін саяси партиялардан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданады.
Тарау 10. 10. Депутаттық этикасы мен депутаттардың
өзара қарым-қатынастарының ережелері
10. Депутаттық этикасы мен депутаттардың
өзара қарым-қатынастарының ережелері
Тармақ 81
81. Қалалық мәслихат депутаттарының моральдық мінез-құлығының өлшемдері жоғары адамгершілік принциптеріне, мейірімділік, парасаттылық, әділдік және заңдылыққа ұстаушылық болуы керек.
Депутат тең қалпында өз абыройын сақтауға және басқа депутаттардың, сондай-ақ депутаттық міндеттерін орындаған кезінде қатынасатын лауазымды тұлғалар мен азаматтардың абыройын құрметтеуге міндетті. Оның, мәслихаттың немесе ол құрамына сайланған органның абыройын түсіруге әсер ететін іс-қимылдан, өтініштердің және қылығынан ұстауға міндетті.
Қалалық мәслихат депутаты жеке мақсаттарын өз депутаттық мәртебесінің айрықша құзыретін мемлекеттік органдарымен, лауазымды тұлғалармен және бұқаралық ақпарат құралдармен өзара қарым-қатынастарында пайдаланбау керек.
Бұқаралық ақпарат құралдарда, пресс-конференцияларда, митингтерде сөз сөйлегенде, мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтардың қызметі туралы айтқанда тек шұбасыз, тексерілген фактілерді пайдалануға міндетті.
Көпшілік тыңдаулар кезінде шұбасыз емес немесе тексерілмеген фактілерді қасақана немесе абайсыз айтылған жағдайда, депутат көпшілік алдында айтылған сөздердің биязысыздығын тануға және мүдделері мен намысы қозғалған органға, тұлғаларға кешірім беруге міндетті.
Тармақ 82
82. Қалалық мәслихат депутаттарының депутаттық этикасы мен депутаттардың өзара қарым-қатынастарының мәселелерін қарау және шешуді экономика, басқару, жоспар және құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссия жүзеге асырады.
Депутатты этикалық емес іс-қимыл жасауында айыптаған жағдайда, ол бұл тұрақты комиссиядан оған тағылған айыпты бағалауды талап етуге құқылы.
Басқа депутаттың сөздерімен немесе іс-қимылымен қорлаған дер өзін есептейтін депутат, қорғаушы жағынан көпшілік алдында кешірім талап етуге құқылы.
Қалалық мәслихат сессиясының отырысына қатыспаған немесе өткізу кезінде одан шығып кеткен депутат, ол өткізілгеннен кейін он күн ішінде жоғарыда аталған тұрақты комиссияға болмаған себептері туралы ақтау құжаттарды немесе жазбаша түсініктеме беруге міндетті.
Тарау 11. 11. Қорытынды ережелер
11. Қорытынды ережелер
Регламент әділет департаментінде тіркеуден өткен күннен бастап кушіне енеді. Мәслихат депутаттарымен Регламентке өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар түсуі мүмкін және егер сессияда қатысқан депутаттардың жартысынан артығы осыған дауыс берсе қабылданды деп есептеледі.