Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня и объема медицинской помощи в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи для иностранцев и лиц без гражданства, выявленных и идентифицированных в качестве жертв торговли людьми на территории Республики Казахстан

Бұйрық · № 15 · қабылданған 04.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-207740/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении перечня и объема медицинской помощи в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи для иностранцев и лиц без гражданства, выявленных и идентифицированных в качестве жертв торговли людьми на территории Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 15 ·04.03.2025
04.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня и объема медицинской помощи в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи для иностранцев и лиц без гражданства, выявленных и идентифицированных в качестве жертв торговли людьми на территории Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 15 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня и объема медицинской помощи в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи для иностранцев и лиц без гражданства, выявленных и идентифицированных в качестве жертв торговли людьми на территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмектің тізбесі мен көлемін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
15
Қабылданған күні
04.03.2025
Көрсетілген редакция
04.03.2025 207740_749746.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035783
ЭКБ идентификаторы
207740
Редакция идентификаторы
207740_749746
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:48

0 Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының

құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмектің тізбесі мен көлемін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 83-бабының 2-тармағы, 2-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналардың:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмектің тізбесі;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмектің көлемі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмектің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 4 наурыздағы
№ 15
Бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмектің тізбесі

1 1. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және идентификацияланған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға кепілдендірілген тегін медициналық көмек бекітілген тізімге сәйкес көрсетіледі:

1 1) жедел медициналық жәрдем;

2 2) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК), оның ішінде:

кезек күттірмейтін жағдайларда диагностикалау, емдеу;
репродуктивтік денсаулықты сақтау жөніндегі іс-шаралар (фертильді жастағы әйелдерді қарап-тексеру кабинетіне, акушер-гинекологқа қарап-тексеруге жіберу, отбасын жоспарлау және контрацепция мәселелері бойынша консультация беру, репродуктивтік жастағы әйелдерді контрацепциямен қамтамасыз ету);
жүкті әйелдерді байқау және босанғаннан кейінгі кезеңде босанған әйелдерді байқау;
инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар;

3 3) амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

АИТВ инфекциясының және туберкулездің профилактикасы мен диагностикасы;
жарақаттанған, уланған кезде немесе басқа да кезек күттірмейтін жағдайларда көрсетілетін қызметтер;
«Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 108 бұйрық) сәйкес әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі диагностикалау және емдеу;

4 4) стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емдеу кезінде стационарлық жағдайда мамандырылған медициналық көмек көрсетілетін инфекциялық, паразиттік аурулар және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-162/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21537 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 162 бұйрық) сәйкес айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия таратушыларды, вирус таратушыларды және айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;
№ 162 бұйрыққа сәйкес инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;
«Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР ДСМ-27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) сәйкес МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін шұғыл нысанда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу кезінде;

5

5) «Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатураларын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-140/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21478 болып тіркелген) сәйкес стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде қан, оның компоненттері және қан препараттары номенклатурасына сәйкес медициналық көрсетілімдер болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету кезінде;

6 6) дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, арнайы емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету:

денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық жағдайларда жедел жәрдем, сондай-ақ мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен бекітілген «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» оларға қарсы профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулар тізбесіне сәйкес МСАК көрсету кезінде;
№ 108 бұйрықпен бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесіне сәйкес МСАК көрсету кезінде.

2 Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмектің көлемі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 4 наурыздағы
№ 15
Бұйрығына 2-қосымша/
Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмектің көлемі
Р/с №
Медициналық көрсетілетін қызметтердің коды
Медициналық көрсетілетін қызметтердің атауы
Медициналық көмектің көлемі
Консультациялық қабылдау
1
A02.001.000
Терапевт
Жылына 2 рет
2
A02.002.000
Педиатр
Жылына 2 рет
4
A02.013.000
Хирург
Жылына 1 рет
5
A02.020.000
Инфекционист
Жылына 2 рет
6
A02.023.000
Офтальмолог
Жылына 1 рет
7
A02.012.000
Гастроэнтеролог
Жылына 1 рет
8
A02.014.000
Оториноларинголог
Жылына 2 рет
9
A02.016.000
Пульмонолог
Жылына 2 рет
10
A02.046.000
Психиатр
Жылына 1 рет
11
A02.074.000
Рентгенолог (2 рентгенограмманы оқу)
Жылына 1 рет
12
A02.032.000
Травматолог-ортопед
Жылына 2 рет
13
A02.044.000
Фтизиатр
Жылына 1 рет
14
A02.004.000
Акушер-гинеколог
Жылына 2 рет
Зертханалық диагностика
15
B03.335.003
Экспресс әдіспен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау
Жылына 2 рет
16
B02.111.002
Жасушаның 3 классқа жіктелуімен талдауыштағы жалпы қан талдауы
Жылына 2 рет
17
B01.077.001
Несепті қол әдісімен жалпы клиникалық зерттеу (жалпы несеп талдауы)
Жылына 2 рет
18
B01.054.001
КБ-ға қол әдісімен жиналатын қақырық бактериоскопиясы
Жылына 1 рет
19
B06.855.005
ИФТ-әдісімен қан сарысуындағы АИТВ 1,2-ге және p24 антигеніне жинақталған антиденені анықтау
Жылына 1 рет
20
B09.858.020
ПТР әдісімен қан плазмасындағы АИТВ 1-ге РНҚ-ны сандық анықтау
Жылына 1 рет
Ультрадыбыстық және рентгенологиялық диагностика
21
C03.008.004
Кешенді ультрадыбыстық диагностика (бауыр, өт жолдары, ұйқы безі, көк бауыр, бауыр)
Жылына 1 рет
22
C03.019.005
Кеуде қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы (1-проекциясы)
Жылына 1 рет
23
C02.020.000
Электроэнцефалография
Жылына 1 рет
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы
КБ – Кох бацилласы
ИФТ – иммундық-ферменттік талдау
ПТР – полимеразды тізбекті реакция
РНК – рибонуклеин қышқылы

Қолданыстағы