Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы

Бұйрық · № 73 · қабылданған 06.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-207795/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Қолданыста Бұйрық ·№ 73 ·06.03.2025
06.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы

Қолданыста Бұйрық ·№ 73 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
73
Қабылданған күні
06.03.2025
Көрсетілген редакция
06.03.2025 207795_747325.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035792
ЭКБ идентификаторы
207795
Редакция идентификаторы
207795_747325
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:43

0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

2025 жылғы 6 наурыздағы
№ 73
Бұйрыққа қосымша
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

1

1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32875 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттік сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 18-бабының 13-тармақшасына және 19-бабының 9-тармақшасына сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждардың саны кемінде 50 (елу) адамы бар республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда, стационарлы, жартылай стационарлы үлгідегі қызмет пен үйде қызмет көрсету жағдайында қызметтерге мұқтаждардың саны кемінде 25 (жиырма бес) адамы бар аудандық маңызы бар қалаларда, елді мекендерде, аудандық аймақтарда, ауыл округтерінде ашылады.
Сонымен қатар үйде қызмет көрсету ұйымдары бір-бірінен 5 (бес) шақырымнан астам қашықтықта құрылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-2 - тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Уақытша болу ұйымдары тұрғылықты жері жоқ адамдарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға, сондай-ақ адам саудасының және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына арналған.
Олар мемлекеттік секторда республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда, аудандық маңызы бар қалаларда халық саны
100 000 (жүз мың) адамнан жоғары болған кезде құрылады. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 18-бабының 13-тармақшасына және 19-бабының 9-тармақшасына сәйкес, елді мекендерде, аудандарда және ауыл округтерінде халық саны 50 000 (елу мың) және одан жоғары адам болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша бір аудан деңгейінде уақытша болу ұйымын құруға болады.»;
30 -тармақ алып тасталсын;
7-қосымшаның реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4
жүргізуші
1
бір техникалық жарамды автокөлік құралына немесе жергілікті бюджет есебінен ақшалай қаражат бөлу жолымен әлеуметтік жұмыскерлерге көлік шығыстарын жабуды қамтамасыз ету не мемлекеттік органнан (әкімдіктен) қабылдау-тапсыру актісімен қоса жүргізушісі бар көлік құралын пайдалану туралы шартты ұсынуға, не жүргізушісі бар автокөлікті жалға алу (аутсорсинг) туралы шартты ұсынуға
».

2

2. «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32875 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 230 бұйрық) бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына сәйкес келетін:
1) әлеуметтік-тұрмыстық қызметтердің;
2) әлеуметтік-медициналық көрсетілетін қызметтердің;
3) әлеуметтік-педагогикалық қызметтердің;
4) әлеуметтік-еңбек қызметтердің;
5) әлеуметтік-мәдени қызметтердің;
6) әлеуметтік – психологиялық қызметтердің ұсынылатын тиісті сапасын қатамасыз ететін материалдық-техникалық базаның болуы.
«Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 440 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33000 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 440 бұйрық).
№ 230 бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің штаттық нормативтерінде, қағидаларында көзделген медициналық қызметке лицензияның болуы туралы «Е-лицензиялау мемлекеттік дерекқорынан» мәліметтер немесе тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және көрсетілген қызметті алушылар тіркелген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге арналған шартқа сәйкес бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың көшірмесі.
Біліктілік талаптары үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды.
Біліктілік талаптары алушыларға 23 жасқа дейін қызмет көрсету кезінде әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетуге қойылады.
».

3

3. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34655 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
17- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Лицензия беру туралы оң қорытынды болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес лицензияның электрондық нысанын қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес алдын ала шешім бойынша қызметті алушының ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны көрсетілген хабарламаны жібереді.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 74-бабына сәйкес жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес тындау хаттамасы қалыптастырылады.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3 және 3-3-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» не порталда оң нәтиже не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.»;
20, 21, 22, 23 және 24-тармақтар алып тасталсын;
көрсетілген қағидаларға 3-1-қосымша осы тізбеге 1- қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы тізбеге 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 3-2 және 3-3-қосымшалармен толықтырылсын.

1 Тыңдау туралы хабарлама ______________________________________________ (ұйымның атауы)

2025 жылғы 6 наурыздағы
№ 73
Өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы бұйрықтың
тізбесіне
1-қосымша
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге лицензиялар беру»
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-1-қосымша
Нысан
Тыңдау туралы хабарлама
______________________________________________
(ұйымның атауы)
Сіздің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді лицензиялауға
№ _______________ өтініміңізді қарау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына
сәйкессіздік анықталды. Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру кезінде Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік
қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті берген Өтініш берушінің
қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы
қорытындының деректері негізінде алдын ала шешім жобасымен танысуды
сұраймыз.
Тыңдау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік
кодексінің 73-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

2 Тыңдау хаттамасы №___ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің

2025 жылғы 6 наурыздағы
№ 73
Өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы бұйрықтың тізбесіне
2-қосымша
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге лицензиялар беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 3-2 қосымша
Нысан
Тыңдау хаттамасы №___
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және
бақылау комитетінің
Күні уақыты
Көрсетілетін қызметті алушы____________________________
(ұйымның атауы)
Өкілдің аты-жөні____________________________
Лауазымы___________________________________
Тыңдау нәтижелері бойынша шешім шығарылды:
- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру туралы
- мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жіберу туралы.
Негіздеме_______________________________________________
Қолы.

3 ____________________________ көрсетілетін қызметті алушының атауы Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту _______________________________ (ұйымның атауы)

2025 жылғы 6 наурыздағы
№ 73
Өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы бұйрықтың
тізбесіне
3-қосымша
«Арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсетуге
лицензиялар беру» мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-3 қосымша
Нысан
____________________________
көрсетілетін қызметті алушының атауы

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту

_______________________________
(ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау
комитеті Сіздің_________жылғы № __________өтінішіңізді қарап, «Арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуден
бас тарту туралы хабарлайды.
_____________________________________
(Бас тартудың негіздемесі)
Басшы __________________________________
(ұйымның атауы)
________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қолы.

Қолданыстағы