Құжат мәтініне өту

О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казахский государственный агротехнический университет имени С.Сейфуллина" Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қаулы · № 829 · қабылданған 02.08.2004
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-20786/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казахский государственный агротехнический университет имени С.Сейфуллина" Министерства образования и науки Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 829 ·02.08.2004
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казахский государственный агротехнический университет имени С.Сейфуллина" Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 829 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казахский государственный агротехнический университет имени С.Сейфуллина" Министерства образования и науки Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттiк агротехникалық университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
829
Қабылданған күні
02.08.2004
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI20786_6.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040000829_
ЭКБ идентификаторы
20786
Редакция идентификаторы
AI20786_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:49

0 Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттiк агротехникалық университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттiк агротехникалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

2 2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлау және қайта даярлау болып белгiленсiн.

3 3.

4 4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1 1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тіркеудi қамтамасыз етсiн;

2

2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, "С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетi" ашық акционерлік қоғамын (бұдан әрi - Қоғам) тарату және кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған оның мүлкін Кәсiпорынға беру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;

3 3) таратылатын Қоғамның білiм алушыларының оқу жылын аяқтауы және оларды Кәсiпорынға ауыстыру үшiн шаралар қабылдасын;

4 4) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.

5 5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар мен өзгерiстер бекiтiлсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне енгiзілетiн толықтырулар мен өзгерiстер

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 3 тамыздағы
N 829 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне енгiзілетiн толықтырулар мен өзгерiстер

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестері республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiмде реттік нөмiрi 21-13-жол алынып тасталсын.

3 3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестеріне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :

Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетін республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгi" деген бөлiмде реттiк нөмірі 222-13-жол алынып тасталсын.

4 4.

5 5. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 шiлдедегi N 1021 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 28, 339-құжат):

көрсетілген қаулымен бекiтiлген Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 33-жолмен толықтырылсын:
"33 "С. Сейфуллин атындағы
Қазақ мемлекеттік агротехникалық
университетi" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорны
(шаруашылық жүргiзу құқығындағы) Астана қаласы".

6

6. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 маусымдағы N 821 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 22, 280-құжат)":
2-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.

Қолданыстағы