Құжат мәтініне өту

Об определении юридического лица, ответственного за сопровождение и развитие Национального словарного фонда казахского языка

Бұйрық · № 101 · қабылданған 11.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-207937/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об определении юридического лица, ответственного за сопровождение и развитие Национального словарного фонда казахского языка Қолданыста Бұйрық ·№ 101 ·11.03.2025
11.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении юридического лица, ответственного за сопровождение и развитие Национального словарного фонда казахского языка

Қолданыста Бұйрық ·№ 101 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении юридического лица, ответственного за сопровождение и развитие Национального словарного фонда казахского языка
Атауы (қаз.)
Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қолдап отыру мен дамытуға жауапты заңды тұлғаны айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
101
Қабылданған күні
11.03.2025
Көрсетілген редакция
11.03.2025 207937_767548.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25HN000101
ЭКБ идентификаторы
207937
Редакция идентификаторы
207937_767548
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:40

0 Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қолдап отыру мен дамытуға жауапты заңды тұлғаны айқындау туралы

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-4-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қолдап отыру мен дамытуға жауапты заңды тұлға ретінде «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы айқындалсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы