Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в Кербулакском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в Кербулакском районе
- Атауы (қаз.)
- Кербұлақ ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 11.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2025 207975_747483.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25IG028219
- ЭКБ идентификаторы
- 207975
- Редакция идентификаторы
- 207975_747483
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:40
0 Кербұлақ ауданында стационарлық емес сауда объектілерін
орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы, 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген), Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Кербұлақ ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
2 2. Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі №67 «Кербұлақ ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің тіркеу тізілімінде №166908 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кербұлақ ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Кербұлақ ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 11 наурыздағы № 125
Қаулысына қосымша
Кербұлақ ауданында стационарлық емес
сауда объектілерін орналастыру орындары
№
Стационарлық емес сауда
объектілерін орналастыру орындары
Алып жатқан аланы, шаршы метр
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
Қызмет саласы
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл
1
Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Т. Рысқұлов көшесі, «Космос» дүкеніне қарама-қарсы
300
«Космос» дүкені
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау
5
2
Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Мадибекұлы көшесі, «Дарын» базарының оң жағында
100
«Дарын» базары
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау
5
3
Кербұлақ ауданы,
Қоғалы ауылы, Желтоқсан көшесі «Жұлдыз» дүкеніне қарама-қарсы
100
«Темірлан» дүкені және «Жұлдыз» дүкені
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау
5