Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил включения товаров в перечень биржевых товаров

Бұйрық · № 96-НҚ · қабылданған 12.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-208061/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил включения товаров в перечень биржевых товаров Қолданыста Бұйрық ·№ 96-НҚ ·12.03.2025
12.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил включения товаров в перечень биржевых товаров

Қолданыста Бұйрық ·№ 96-НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил включения товаров в перечень биржевых товаров
Атауы (қаз.)
Тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
96-НҚ
Қабылданған күні
12.03.2025
Қолданысқа енгізілген күні
10.07.2025
Көрсетілген редакция
12.03.2025 208061_767551.kaz
Соңғы өзгеріс
12.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035813
ЭКБ идентификаторы
208061
Редакция идентификаторы
208061_767551
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:40

0 Тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы

«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 5-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Электрондық және биржалық сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

0 Тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
2025 жылғы 12 наурыздағы
№ 96-НҚ Бұйрығына
қосымша
Тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу қағидалары

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 5-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және «Биржалық тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген) бекітілген тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Тізбе).

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1

1) биржалық тауар – биржалық тауарлар тізбесіне және (немесе) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген стандартталған біртекті тауар, оның бірліктері барлық жағынан бір-біріне сәйкес келеді, олардың ұқсас сипаттамалары болады және ұқсас құрамдастардан тұрады, бұл оларға түрлі өндірушілерден шыққан партиялардың бірін-бірі толық алмастыру қасиеті бар сол бір функцияларды орындауына мүмкіндік береді;

2 2) биржалық тауарлардың тізбесі – сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін, осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген биржалық тауарларды қамтитын тізбе;

3 3) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2 2 тарау. Тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу тәртібі

3 3. Тауарларды Тізбеге енгізу тиісті салаларда (салаларда) басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстарына негізделеді, қоса беріле отыра:

1 1) өндіріс, тұтыну көлемін және экспорттық-импорттық операцияларды қоса алғанда, тауар нарығындағы ағымдағы жағдайға жүргізілген талдау туралы мәліметтер;

2 2) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың қысқаша атаулары және олардың кодтары;

3 3) ол тең болған немесе асып кеткен кезде оларды өткізу тек тауар биржасында жүзеге асырылуға жататын жеткізілім партиясының ең аз мөлшері;

4 4) тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын ең аз үлес, сондай-ақ өздеріне осындай мiндет қолданылатын субъектiлер санаты.

4 4. Мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (салаларында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар уәкілетті органның атына ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі және 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде тауарларды Тізбеге енгізу жөнінде ұсыныстар жібереді.

5 5. Уәкілетті орган ұсыныстарды күнтізбелік 15 күн ішінде қарайды және қарау нәтижелері бойынша тауарларды Тізбеге енгізеді.

Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда уәкілетті орган тауарларды Тізбеге енгізуден бас тартады, бұл туралы тиісті орталық мемлекеттік орган ресми хабардар етіледі.

6 6. Орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органның қарауына Тізбеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізетін жағдайларды қоспағанда, Тізбеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді уәкілетті орган 2 жылда кемінде 1 рет жүзеге асырады.

7 7. Тізбе уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Қолданыстағы