Құжат мәтініне өту

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, и норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, порядка их использования, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по району Марқакөл

Өзге акт · № 20/2-VIII · қабылданған 13.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-208205/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, и норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, порядка их использования, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по району Марқакөл Қолданыста Өзге акт ·№ 20/2-VIII ·13.03.2025
13.03.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, и норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, порядка их использования, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по району Марқакөл

Қолданыста Өзге акт ·№ 20/2-VIII · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, и норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, порядка их использования, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по району Марқакөл
Атауы (қаз.)
Марқакөл ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды және олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пайдалану тәртібін, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
20/2-VIII
Қабылданған күні
13.03.2025
Көрсетілген редакция
13.03.2025 208205_749243.kaz
Соңғы өзгеріс
13.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25VV915216
ЭКБ идентификаторы
208205
Редакция идентификаторы
208205_749243
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:38

0

Марқакөл ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды және олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пайдалану тәртібін, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес Марқакөл ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;

осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
осы шешімге 3-қосымшаға сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі;
осы шешімге 4-қосымшаға сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары

Марқакөл ауданы маслихатының
2025 жылғы 13 наурыздағы
№ 20/2-VIII шешіміне
1-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары
№ р/р
Арнайы орын
Шекті толу нормасы
1
Аудандық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң (Марқакөл ауылы, крахмал көшесі, 55)
50 адамнан артық емес
2
Шерулер мен демонстрациялар бағыты: Асқаров-Абылайхан-Құдайбердиев-Крахмаль көшелерінің қиылысынан Марқакөл ауылындағы аудандық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаңға дейін

4 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

шешіміне 2-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар мен оның қатысушылары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы тиіс.
Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға құқығы бар.
Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

5 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

шешіміне 3-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі
Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы орындарда өткізіледі.
Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін ауданның жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-дан ерте бастауға және сағат 20.00-дан кеш аяқтауға болмайды.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.
Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.

6 Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

шешіміне 4-қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр арақашықтықта:

1 1) жаппай жерлеу орындарында;

2 2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

3 3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

4 4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

5 5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда пикеттеуді өткізуге тыйым салынады.

Қолданыстағы