О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 818
- Қабылданған күні
- 18.03.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2025 208242_749179.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2500000818
- ЭКБ идентификаторы
- 208242
- Редакция идентификаторы
- 208242_749179
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:32
0 Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына сәйкес атом саласын одан әрі дамыту және ядролық қауіпсіздікті нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі салаларындағы функцияларын және өкілеттіктерін бере отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) құрылсын.
2 2. Агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын.
3 3. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі».
4 4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі:
1 1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:
Агенттік төрағасымен бірлесіп Агенттік туралы ереженің және оның құрылымының жобаларын;
Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінен және тиісті ведомстволық бағынысты ұйымдардан штат санын Агенттікке қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды енгізсін;