Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Меридик»

Қаулы · № 42 · қабылданған 12.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-208243/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Меридик» Қолданыста Қаулы ·№ 42 ·12.03.2025
12.03.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Меридик»

Қолданыста Қаулы ·№ 42 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Меридик»
Атауы (қаз.)
«Меридик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
42
Қабылданған күні
12.03.2025
Көрсетілген редакция
12.03.2025 208243_749428.kaz
Соңғы өзгеріс
12.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25NL00042A
ЭКБ идентификаторы
208243
Редакция идентификаторы
208243_749428
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:39

0 «Меридик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 2300-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Меридик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты, жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, Қарабалық ауданы Победа ауылы (елді мекен шегінен тыс) аумағында орналасқан, жалпы ауданы 812,1060 гектар жер учаскесіне 2029 жылғы 12 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарабалық ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы