Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении зон рекреационного рыболовства на водных объектах Махамбетского района Атырауской области

Қаулы · № 71 · қабылданған 14.03.2025
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-208277/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об установлении зон рекреационного рыболовства на водных объектах Махамбетского района Атырауской области Күшін жойған 06.03.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении зон рекреационного рыболовства на водных объектах Махамбетского района Атырауской области

Күшін жойған Қаулы № 71 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении зон рекреационного рыболовства на водных объектах Махамбетского района Атырауской области
Атауы (қаз.)
Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
71
Қабылданған күні
14.03.2025
Көрсетілген редакция
06.03.2026 208277_810253.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25TC526806
ЭКБ идентификаторы
208277
Редакция идентификаторы
208277_810253
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:38
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағының 5-8) тармақшасына сәйкес және су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыру мақсатында, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ортақ су пайдалану талаптарын ескере отырып Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Атырау облысы Махамбет ауданының су айдындарындағы рекреациялық балық аулау аймақтары

Махамбет ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 14 наурыздағы
№ 71 қаулысына қосымша
Атырау облысы Махамбет ауданының су айдындарындағы рекреациялық балық аулау аймақтары
Бұл учаске Махамбет ауданының Бейбарыс ауылдық округінің әкімшілік аумағында, «Caspian Эко-Тур» ЖШС жер теліміне жақын, бұрынғы Пешной ауылының қарама-қарсы жағында орналасқан. Су айдынында, өзеннің ағысынан төмен орналасқан.
Координаттары: N 46°55'2,71240 E 51°10’4,45547 N 46°55’42,69743 E 51°41’6,18803
Ұзындығы: 1800 метр.
Бұл учаске Махамбет ауданының Бейбарыс ауылдық округінің әкімшілік аумағында, Дамбинский ағынының екінші бөлігінде, өзеннің ағысынан төмен орналасқан.
Координаттары: N 46°55’42,69743 E 51°41’6,18803 N 46°55’39,14076 E 51°41’10,68062
Ұзындығы: 151 метр.
Бұл учаске Атырау қаласының Дамбы ауылдық округінің әкімшілік аумағында, «Приморский» ағынынаң 500 метр қашықтықта, өзеннің ағысынан төмен орналасқан.
Координаттары: N 46°55’39,14076 E 51°41’10,68062 N 46°54’59,64708 E 51°40’8,12370
Ұзындығы: 1800 метр.
Бұл учаске Атырау қаласының Дамбы ауылдық округінің Пешной түбегі ауданында, «Caspian Эко-Тур» ЖШС жер теліміне жақын, өзен жағасында, өзеннің ағысынан төмен орналасқан.
Координаттары: N 46°54’59,64708 E 51°40’8,12370 N 46°55’,71240 E 51°10’4,45547
Ұзындығы: 123 метр.