Қорғалжын ауданының экологиялық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабындағы 1 тармақтың 17 тармақшасына, 1997 жылғы 15 шілдедегі № 160-1 ЗРК «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңына сәйкес, Қорғалжын ауданның қоршаған ортасы мен тұрғындарының денсаулығын қорғау мәселелерімен айналысатын аудан ұйымдары және мекемелерінің өзара қарым-қатынасымен қызметін үйлестіру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қорғалжын ауданының экологиялық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы от 21.07.2004 г. № 80 (Қорғалжын ауданының экологиялық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы)
1. Қорғалжын ауданының экологиялық проблемалары жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылсын.
2. Үйлестіру кеңесінің жеке құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын (1 қосымша).
3. Үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін (2 қосымша).
2004 ж. 22 шілдесіндегі «экологиялық
мәселелер жөніндегі Үйлестіру
кеңесін құру туралы» № 80
аудан әкімдігінің қаулысына
№ 1 қосымша
Қорғалжын ауданының экологиялық проблемалары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы
Кеңестің төрағасы:
Смағұлов Марат Қауешұлы Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары
Мүшелері:
1. Мамбин Есмағанбет Хамзеұлы Қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша)
2. Мурзагельдиев Айдос Ашубасарұлы Қорғалжын аудандық аумақтық басқармасының бастығы: (келісім бойынша)
3. Қашқынбаев Смағұл Ахатұлы Қорғалжын ауылдық округінің әкімі
4. Абақов Қуаныш Білалұлы аудандық мемлекеттік балық инспекторы
5. Ғали Асхат Қанатұлы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
6. Мұқышева Күлмаш Құлмағанбетқызы аудандық аурухананың бас дәрігері
7. Мұхамеджанов Қуандық Алдабергенұлы «Өрлеу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры
8. Баешов Дінмұхамед Аянбекұлы аудандық жерге орналастыру комитетінің бастығы (келісім бойынша)
9. Аужанов Амангелді Аужанұлы аудандық бас архитекторы
10. Бебусунов Асет Шакиратұлы аудандық санитарлық бас дәрігері (келісім бойынша)
11. Төкенов Ғабду Төкенұлы «Нұра су құбыры» ММК директоры (келісім бойынша).
Аудан әкімдігінің 2004 ж. 22 шілдесіндегі
«Қорғалжын ауданының экологиялық
мәселелер жөніндегі Үйлестіру
кеңесін құру туралы» № 80
аудан әкімдігінің қаулысына
№ 2 қосымша
Қорғалжын ауданының экологиялық проблемалары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер
1. Қорғалжын ауданының экологиялық мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесі аудан әкімдігі жағынан аудан ұйымдары мен мекемелері қызметтік үйлестіру мен өзара тығыз байланысқа жету үшін, сонымен қатар қоршаған ортаны сауықтандыру мен сыртқы ортаның ластануының тұрғындар денсаулығына зиянын азайту үшін құрылған ведомство аралық кеңестік орта болып табылады.
2. Үйлестіру кеңесін Төраға – аудан әкімінің орынбасары басқарады.
3. Өзінің қызметінде үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының конституциясының қолданылып жүрген заңдарына, сонымен қатар осы ережені басшылыққа алады.
Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері
4. Аудан аумағында қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау бойынша бағдарламаны әзірлеу мен іске асыру бойынша ұйымдар мен мекемелер қызметін үйлестіреді.
5. Қазақстан Республикасы мен Қорғалжын ауданының аумағында қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау сұрақтары бойынша орындаушы органдар мен өкілетті жүйелердің аумақтық бағдарламалары мен актілерін әзірлейді.
Үйлестіру қызметінің кеңесі
6. Қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына техногендік және антропогендік қызметтің әсерінің деңгейі бойынша аудандық кешендік бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуді үйлестіреді және ұйымдастырады.
7. Қоршаған ортаның ластануының экологиялық мониторингінің кешендік жүйесін әзірлеу мен енгізуді үйлестіреді және ұйымдастырады.
8. Экологиялық ахуалды сараптайды, қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау сұрақтары бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, мекемелермен және басқа ұйымдармен өзара байланыста қызмет жасайды.
Үйлестіру кеңесінің құқықтары
9. Өз құзырының аясында шешімдер қабылдау.
10. Қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау мәселелері бойынша ақпаратты кәсіпорын, ұйымдар мен мемлекеттік органдардан сұрауға және алуға.
Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру
11. Үйлестіру кеңесінің қызметін оның төрағасы басқарады.
12. Үйлестіру кеңесін Қорғалжын ауанының әкімдігі құрады және таратады.
13. Кеңестің жеке құрамы Қорғалжын аудандық мәслихатында бекітіледі.
14. Кеңестің отырысы бір тоқсанда бір рет өткізіледі.