Қорғалжын ауданының экологиялық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қорғалжын ауданының экологиялық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабындағы 1 тармақтың 17 тармақшасына, 1997 жылғы 15 шілдедегі № 160-1 ЗРК «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңына сәйкес, Қорғалжын ауданның қоршаған ортасы мен тұрғындарының денсаулығын қорғау мәселелерімен айналысатын аудан ұйымдары және мекемелерінің өзара қарым-қатынасымен қызметін үйлестіру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қорғалжын ауданының экологиялық проблемалары жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Үйлестіру кеңесінің жеке құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін (2 қосымша).
Басқа 4. Қорғалжын ауданының экологиялық проблемалары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы
2004 ж. 22 шілдесіндегі «экологиялық мәселелер жөніндегі Үйлестіру кеңесін құру туралы» № 80 аудан әкімдігінің қаулысына № 1 қосымша Қорғалжын ауданының экологиялық проблемалары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы Кеңестің төрағасы: Смағұлов Марат Қауешұлы Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары Мүшелері:
Тармақ 1
1. Мамбин Есмағанбет Хамзеұлы Қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша)
Тармақ 2
2. Мурзагельдиев Айдос Ашубасарұлы Қорғалжын аудандық аумақтық басқармасының бастығы: (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. Қашқынбаев Смағұл Ахатұлы Қорғалжын ауылдық округінің әкімі
Тармақ 4
4. Абақов Қуаныш Білалұлы аудандық мемлекеттік балық инспекторы
Тармақ 5
5. Ғали Асхат Қанатұлы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Тармақ 6
6. Мұқышева Күлмаш Құлмағанбетқызы аудандық аурухананың бас дәрігері
Тармақ 7
7. Мұхамеджанов Қуандық Алдабергенұлы «Өрлеу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры
Тармақ 8
8. Баешов Дінмұхамед Аянбекұлы аудандық жерге орналастыру комитетінің бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 9
9. Аужанов Амангелді Аужанұлы аудандық бас архитекторы
Тармақ 10
10. Бебусунов Асет Шакиратұлы аудандық санитарлық бас дәрігері (келісім бойынша)
Тармақ 11
11. Төкенов Ғабду Төкенұлы «Нұра су құбыры» ММК директоры (келісім бойынша).
Басқа 16
Аудан әкімдігінің 2004 ж. 22 шілдесіндегі «Қорғалжын ауданының экологиялық мәселелер жөніндегі Үйлестіру кеңесін құру туралы» № 80 аудан әкімдігінің қаулысына № 2 қосымша Қорғалжын ауданының экологиялық проблемалары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің ЕРЕЖЕСІ
Тарау 17. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қорғалжын ауданының экологиялық мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесі аудан әкімдігі жағынан аудан ұйымдары мен мекемелері қызметтік үйлестіру мен өзара тығыз байланысқа жету үшін, сонымен қатар қоршаған ортаны сауықтандыру мен сыртқы ортаның ластануының тұрғындар денсаулығына зиянын азайту үшін құрылған ведомство аралық кеңестік орта болып табылады.
Тармақ 2
2. Үйлестіру кеңесін Төраға – аудан әкімінің орынбасары басқарады.
Тармақ 3
3. Өзінің қызметінде үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының конституциясының қолданылып жүрген заңдарына, сонымен қатар осы ережені басшылыққа алады.
Тарау 21. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері
Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері
Тармақ 4
4. Аудан аумағында қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау бойынша бағдарламаны әзірлеу мен іске асыру бойынша ұйымдар мен мекемелер қызметін үйлестіреді.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы мен Қорғалжын ауданының аумағында қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау сұрақтары бойынша орындаушы органдар мен өкілетті жүйелердің аумақтық бағдарламалары мен актілерін әзірлейді.
Тарау 24. Үйлестіру қызметінің кеңесі
Үйлестіру қызметінің кеңесі
Тармақ 6
6. Қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына техногендік және антропогендік қызметтің әсерінің деңгейі бойынша аудандық кешендік бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуді үйлестіреді және ұйымдастырады.
Тармақ 7
7. Қоршаған ортаның ластануының экологиялық мониторингінің кешендік жүйесін әзірлеу мен енгізуді үйлестіреді және ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Экологиялық ахуалды сараптайды, қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау сұрақтары бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, мекемелермен және басқа ұйымдармен өзара байланыста қызмет жасайды.
Тарау 28. Үйлестіру кеңесінің құқықтары
Үйлестіру кеңесінің құқықтары
Тармақ 9
9. Өз құзырының аясында шешімдер қабылдау.
Тармақ 10
10. Қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау мәселелері бойынша ақпаратты кәсіпорын, ұйымдар мен мемлекеттік органдардан сұрауға және алуға.
Тарау 31. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру
Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 11
11. Үйлестіру кеңесінің қызметін оның төрағасы басқарады.
Тармақ 12
12. Үйлестіру кеңесін Қорғалжын ауанының әкімдігі құрады және таратады.
Тармақ 13
13. Кеңестің жеке құрамы Қорғалжын аудандық мәслихатында бекітіледі.
Тармақ 14
14. Кеңестің отырысы бір тоқсанда бір рет өткізіледі.