Құжат мәтініне өту

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой города Шахтинска

Ереже · № 406/18 · қабылданған 19.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-208294/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой города Шахтинска Қолданыста Ереже ·№ 406/18 ·19.03.2025
19.03.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой города Шахтинска

Қолданыста Ереже ·№ 406/18 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой города Шахтинска
Атауы (қаз.)
Шахтинск қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
406/18
Қабылданған күні
19.03.2025
Көрсетілген редакция
19.03.2025 208294_751426.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25KH674009
ЭКБ идентификаторы
208294
Редакция идентификаторы
208294_751426
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:31

0 Шахтинск қаласының Құрмет грамотасымен

наградтау туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Шахтинск қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Шахтинск қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

Шахтинск қалалық
мәслихатының
2025 жылғы 19
наурыздағы
№ 406/18
шешімімен бекітілген
Шахтинск қаласының Құрмет грамотасымен
наградтау туралы ереже

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Шахтинск қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2 2. Құрмет грамотасы:

1 1) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, спорттағы, әскери және мемлекеттік қызметтегі, құқық қорғау және қоғамдық қызметтегі қаланың тұрғындарын сауықтырудағы елеулі жетістіктері үшін;

2 2) халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін марапаттау және ынталандырудың бір нысаны болып табылады.

3 3. Құрмет грамотасымен Шахтинск қаласының дамуына қомақты үлес қосқан:

1 1) азаматтар, мекеме, кәсіпорын және ұйымдардың қызметшілері;

2 2) меншік нысанына қарамастан, еңбекте, қоғамдық-саяси қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген шаруашылық жүргізуші субъектілер ұжымдары, ұйымдар, мекемелер, шығармашылық ұжымдары;

3 3) азаматтығы жоқ адамдар және шет мемлекеттердің азаматтары наградталады.

4 4. Құрмет грамотасымен:

1 1) наградтауға ұсыну кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотталғандығы бар адамдар;

2 2) наградтауға ұсыну кезінде сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдар;

3 3) наргадтауға ұсыну кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот кінәлі деп таныған адамдар марапаттала алмайды.

5 5. Бір тұлға (ұжым, ұйым) бес жыл ішінде қаланың Құрмет грамотасымен наградталуға екі рет ұсыныла алмайды.

6 6. Наградтау ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де Қазақстан Республикасының мерекелеріне орайластырылады.

2 2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

7

7. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты Шахтинск қаласы әкімінің аппаратына шараның өтетін күнінен кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.
Ұсынысқа награда қағазы қоса беріледі: онда тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, атқаратын лауазымы, жұмыс (қызмет) орны, жынысы, туған жылы және жері, ұлты, білімі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, мемлекеттік наградалар тізбесі, мекен-жайы, жұмыс өтілі (жалпы, салада, берілген еңбек ұжымында), сондай-ақ наградталушының ерекше сіңірген еңбегін көрсететін мінездемесі көрсетіледі.
Ұсынысқа кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі не ұйымның, мекеменің немесе шығармашылық ұжымның құрылтайшылық құжаттары қоса тіркеледі.
Aталған деректерді уақытында немесе толық ұсынбағанда ұсыныс қаралмайды.

8 8. Алдын ала қарау және наградтау жөніндегі ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары басқаратын наградтау комиссиясына (бұдан әрі – Комиссия) жіберіледі.

9 9. Комиссияның құрамына комиссия төрағасы, хатшысы және мүшелері (Шахтинск қаласының атқарушы және өкілді органдарының өкілдері) кіреді.

10 10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.

11 11. Комиссия шешімі, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.

Комиссияның теріс қорытындысына үміткерде осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген белгілердің болуы негіз болып табылады.

12 12. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады және оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

13

13. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді Комиссияның оң қорытындысы негізінде Шахтинск қаласының әкімі және Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы (немесе оларды алмастыратын тұлғалар) бірлескен өкім шығару арқылы марапаттау комиссиясының оң қорытындысы шыққан күннен бастап 7 күнтізбелік күннен кешіктірмей қабылдайды.

14 14. Құрмет грамотасы салтанатты жағдайда және көпшілік алдында марапаттаушыға жеке тапсырылады. Құрмет грамотасын Шахтинск қаласының әкімі және (немесе) Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.

Құрмет грамотасын тапсыру орнын жергілікті атқарушы және өкілді органдардың басшылары белгілейді.
Үміткерге Құрмет грамотасын тапсыру күні мен уақыты алдын ала хабарланады.

15 15. Наградтау бойынша материалдар Шахтинск қаласы әкімінің аппаратында сақталады.

3 3. Құрмет грамотасының сипаттамасы

16 16. Құрмет грамотасы көк түсті папкадан және ішіне салынатын айқарма беттерден тұрады. Папканың бет жағында 7х7 көлемінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген.

Құрмет грамотасы А3 форматында дайындалады, 1 биг, қағазы жылтыр, тегіс 250 грамм, түрлі-түсті басу, мемлекеттік символика – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын бейнелеумен екі жағынан алтын түстес.
Айқарма беттің ішкі сол жағында: ортада – желбіреген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түрлі-түсті бейнесі орналасады.
Айқарма беттің ішкі оң жағында: жоғарғы бөлігінің ортасында – алтынмен басылып, «Құрмет грамотасы» жазуы, жазудың астында, наградталушының тегін, аты, әкесінің аты, наградталушының еңбектерінің қысқаша сипаттамасы, «наградталады» сөзі бар, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтін орналасады. Қазақ тіліндегі мәтін орыс тіліндегі мәтіннің үстінде орналасады.
Төменгі бөлігінде Шахтинск қаласы әкімінің және Шахтинск қалалық мәслихат төрағасының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрлермен расталады, қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.
Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке басты куәландыратын құжатына сәйкес көрсетіледі.
Ұйым, мекеме немесе шығармашылық ұжымның атауы құрылтайшылық құжаттарға сәйкес көрсетіледі.
Айқарма бет компьютермен терілген көлбеусіз қара түсті шрифтермен, принтерді пайдалана отырып толтырылады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, айқарма бет қолмен, анық және түсінікті жазумен, түзетулерсіз қара түсті сиямен толтырылады.

Қолданыстағы