Об установлении публичного сервитут
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитут
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 53
- Қабылданған күні
- 14.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 14.03.2025 208298_749075.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25UR00053A
- ЭКБ идентификаторы
- 208298
- Редакция идентификаторы
- 208298_749075
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:36
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 71 - баптары, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Сауран аудандық жер комиссиясының мәжілісінің 2024 жылғы 18 қазандағы №31 хаттамасына, «Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 15 қазандағы № 2789 санды бұйрығына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (БСН:060240004644) Сауран ауданы аумағынан «Turan» арнайы экономикалық аймағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (газ желілері) үшін» жалпы алаңы 28,0 га (ұзындығы - 21 км, ені - 60 м) жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығымен қауымдық сервитут белгіленсін.
1 1) «Темір жол құрылысы үшін» ұзындығы 3,9 шқ;
2 2) «Электрмен қамту үшін» ұзындығы 9,5 шқ;
3 3) «Ауыз су жүйесі үшін» ұзындығы 11,2 шқ;
4 4) «Кәріз жүйесі үшін» ұзындығы 3,4 шқ;
5 5) « Газ желілері үшін» ұзындығы 25 шқ;
6 6) «Жол бөлігі үшін» ұзындығы 3,6 шқ.
2 2. «Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;