Об уменьшении территории государственного комплексного природного заказника «Манаши» местного значения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об уменьшении территории государственного комплексного природного заказника «Манаши» местного значения
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті маңызы бар «Манашы» мемлекеттік кешенді табиғи қаумалының аумағын кішірейту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 72
- Қабылданған күні
- 26.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2025 208530_749715.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25M0478012
- ЭКБ идентификаторы
- 208530
- Редакция идентификаторы
- 208530_749715
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:28
0 Жергілікті маңызы бар «Манашы» мемлекеттік кешенді табиғи қаумалының аумағын кішірейту туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармақтың 15)-тармақшасына, «Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 мамырдағы №399 қаулысына және «Жергілікті маңызы бар «Манашы» мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалының жаратылыстану-ғылыми негіздемесін бекіту туралы» «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының 2021 жылғы 18 тамыздағы №01-04/73 бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан, жергілікті маңызы бар «Манашы» мемлекеттік кешенді табиғи қаумалының аумағы 55 455 гектарға кішірейтілсін.
2 2. «Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2658 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар құрылсын:
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан, Маңғыстау ауданының аумағында жалпы алаңы - 160 086,48 гектар жергілікті маңызы бар Тасорпа мемлекеттік табиғи қаумалы;»;
1-тармақтың алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан, жалпы алаңы - 172 573,2 гектар, олардың ішінде: Бейнеу ауданының аумағында - 53 587,7 гектар, Маңғыстау ауданының аумағында - 118 985,5 гектар жергілікті маңызы бар «Манашы» мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы.».