О некоторых вопросах реорганизации товарищества с ограниченной ответственностью «Национальный научный онкологический центр»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах реорганизации товарищества с ограниченной ответственностью «Национальный научный онкологический центр»
- Атауы (қаз.)
- «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 28.03.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 28.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2025 208532_749564.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2500000180
- ЭКБ идентификаторы
- 208532
- Редакция идентификаторы
- 208532_749564
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:23
0 «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі оған «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3
3. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 388-жолдың 5-бағанындағы 12) тармақша алып тасталсын;
реттік нөмірі 389-жолдың 5-бағанындағы 8) тармақша алып тасталсын.