Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах реорганизации товарищества с ограниченной ответственностью «Национальный научный онкологический центр»

Қаулы · № 180 · қабылданған 28.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-208532/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О некоторых вопросах реорганизации товарищества с ограниченной ответственностью «Национальный научный онкологический центр» Қолданыста Қаулы ·№ 180 ·28.03.2025
28.03.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах реорганизации товарищества с ограниченной ответственностью «Национальный научный онкологический центр»

Қолданыста Қаулы ·№ 180 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах реорганизации товарищества с ограниченной ответственностью «Национальный научный онкологический центр»
Атауы (қаз.)
«Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
180
Қабылданған күні
28.03.2025
Қолданысқа енгізілген күні
28.03.2025
Көрсетілген редакция
28.03.2025 208532_749564.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000180
ЭКБ идентификаторы
208532
Редакция идентификаторы
208532_749564
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:23

0 «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі оған «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3

3. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 388-жолдың 5-бағанындағы 12) тармақша алып тасталсын;
реттік нөмірі 389-жолдың 5-бағанындағы 8) тармақша алып тасталсын.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы