О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан в сфере правовой статистики и специальных учетов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан в сфере правовой статистики и специальных учетов
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 41
- Қабылданған күні
- 28.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2025 208619_751729.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035888
- ЭКБ идентификаторы
- 208619
- Редакция идентификаторы
- 208619_751729
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:22
0 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6986 санымен тіркелген) келесі өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған, Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидалары бекітілсін.»;
Осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидаларында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметке теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидалары»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы», «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары (бұдан әрі – Заң), «Құқық қорғау қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Конституциялық Заңын ақпараттық және статистикалық қолдау мақсатында әзірленген».»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Мемлекеттік органдардың кадр қызметтері ұсынатын растайтын құжаттары бар карточкалар мен хабарламалар, журналдар сақтау мерзімі 3 (үш) жыл болатын Комитетте (орталық мемлекеттік органдар бойынша) және аумақтық органдарда жеке номенклатуралық іске тігіледі (құрастырылады).»;
30-тармақ мынадай редакцияда толықтырылсын:
«30. Комитеттің ақпараттық жүйесіндегі арнайы есеп ақпараты тұрақты сақтау мерзіміне жатады.».
2
2. «Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13977 санымен тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған, Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидалары бекітілсін.»;
Осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізу Қағидаларында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидалары»;
1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтаудың бірыңғай тәртібін белгілейді (бұдан әрі – арнайы есепке алу).»;
14-тармақ алып тасталынады;
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Арнайы есепке алу мәліметтерін пайдалану және сақтау тәртібі»;
мынадай редакциядағы 18 және 19 тармақтарымен толықтырылсын:
«18. Комитеттің ақпараттық жүйесіндегі арнайы есеп ақпараты тұрақты сақтау мерзіміне жатады.
19. Мемлекеттік органдардың кадрлық қызметтері ұсынатын растайтын құжаттары бар карточкалар мен хабарламалар сақтау мерзімі 3 (үш) жыл болатын жеке номенклатуралық іске тігіледі (құрастырылады).».