О признании утратившими силу некоторых решений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений
- Атауы (қаз.)
- Кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 42-5
- Қабылданған күні
- 26.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2025 208672_750353.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25GB526708
- ЭКБ идентификаторы
- 208672
- Редакция идентификаторы
- 208672_750353
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:27
0 Кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27- бабына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Байзақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Байзақ ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы №62-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4522 болып тіркелген);
2
2) «Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы «Байзақ ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» №62-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №77-10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4867 болып тіркелген).