Об утверждении Правил пользования сводным электронным каталогом библиотек Казахстана
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил пользования сводным электронным каталогом библиотек Казахстана
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану Қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 131-НҚ
- Қабылданған күні
- 31.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2025 208805_752591.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035925
- ЭКБ идентификаторы
- 208805
- Редакция идентификаторы
- 208805_752591
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:20
0 Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану Қағидаларын бекіту туралы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-15) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі иуралы ереженің 15-тармағының 351) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2
2. «Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 105 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22609 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан бастап он күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді.
0 Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі 2025 жылғы
31 наурыздағы № 131-НҚ
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-15) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 351) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2 2. Жиынтық электрондық каталогын құру және жүргізу «Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы» ақпараттық жүйесінің платформасында жүзеге асырылады.
3 3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогы – Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорлары туралы библиографиялық мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;
2
2) Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы – қазақстандық кітапханалардың, музейлер мен архивтердің қорларын сақтауға, сондай-ақ Қазақстанның тарихи, ғылыми және мәдени мұрасына пайдаланушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;