Құжат мәтініне өту

О введении запрета на ввоз яиц кур свежих на территорию Республики Казахстан

Бұйрық · № 101 · қабылданған 04.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-208936/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О введении запрета на ввоз яиц кур свежих на территорию Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 101 ·04.04.2025
04.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О введении запрета на ввоз яиц кур свежих на территорию Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 101 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении запрета на ввоз яиц кур свежих на территорию Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
101
Қабылданған күні
04.04.2025
Көрсетілген редакция
04.04.2025 208936_756361.kaz
Соңғы өзгеріс
04.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035948
ЭКБ идентификаторы
208936
Редакция идентификаторы
208936_756361
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:11

0 Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген Шартқа 7-қосымшасының 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
Комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі

Қолданыстағы