Құжат мәтініне өту

Об утверждении натуральных норм положенности технических средств системы оповещения гражданской защиты

Бұйрық · № 130 · қабылданған 10.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-209068/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении натуральных норм положенности технических средств системы оповещения гражданской защиты Қолданыста Бұйрық ·№ 130 ·10.04.2025
10.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении натуральных норм положенности технических средств системы оповещения гражданской защиты

Қолданыста Бұйрық ·№ 130 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении натуральных норм положенности технических средств системы оповещения гражданской защиты
Атауы (қаз.)
Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдары тиесілілігінің заттай нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
130
Қабылданған күні
10.04.2025
Көрсетілген редакция
10.04.2025 209068_752128.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25O0000130
ЭКБ идентификаторы
209068
Редакция идентификаторы
209068_752128
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:06

0 Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдары тиесілілігінің заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдары тиесілілігінің заттай нормалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 584 «Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдары тиесілілігінің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығығының күші жойылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті:

1

1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

1 Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдары тиесілілігінің заттай нормалары

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2025 жылғы «___»________
№ ___ бұйрығымен
бекітілген
Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдары тиесілілігінің заттай нормалары
Р/с №
Нор­ма­ның ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей
Аста­на, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар, об­лыс ор­та­лық­та­ры
Об­лы­стық ба­ғы­ны­с­та­ғы қа­ла­лар, аудан ор­та­лық­та­ры
Кент­тер, ауыл­дар
Объ­ек­ті­лік дең­гей (жер­гі­лік­ті құ­лақ­тан­ды­ру жүй­е­сі)
Қыз­мет мер­зі­мі
1
Құ­лақ­тан­ды­ру жүй­е­сін бас­қа­ру пуль­ті (ха­лық­ты құ­лақ­тан­ды­ру­дың соң­ғы құ­рал­да­рын іс­ке қо­су және мо­ни­то­рин­гі­леу ап­па­ра­ту­ра­сы)
жиын­тық
2
3
2
1
1
12 жыл
2
Те­ле-, ра­дио­ха­бар­лар­ды қар­маудың тех­ни­ка­лық құ­рал­да­ры­ның ке­ше­ні
жиын­тық
1
1
1
12 жыл
3
Або­нент­тер­ді цир­ку­ляр­лық ша­қы­ру­дың ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­ше­ні
жиын­тық
2
3
2
1
12 жыл
4
GSM ар­на­ла­ры бой­ын­ша CellBroadcast тех­но­ло­ги­я­сы ар­қы­лы та­ра­ту ауқы­мы кең мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма­лар­ды та­ра­та­тын тех­ни­ка­лық құ­рал­дар ке­ше­ні
жиын­тық
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да жұ­мыс іс­тей­тін әр­бір ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­на 1 жиын­тық
7 жыл
Құлақтандырудың техникалық құралдары кешендері талап етілетін көлемдерінің ұсынылған есептеулері үлгілік болып табылады және қолданылатын жабдықты өндірушілердің модельдеріне, қосу схемаларына және басқару тәсілдеріне тәуелді емес.
Р/с №
Әкімшілік-аумақтық құрылыс
Өлшем бірлігі
Халықты құлақтандырудың соңғы құрылғыларының нормативтік тиесілілігі
Қызмет мерзімі
1
Қалалық көп қабатты құрылыс (9 қабат және одан жоғары)
жиынтық
500 м радиуста құлақтандыру үшін (ауданы 0,8 км²) 1 сиреналық-сөйлеу құрылғысы
12 жыл
2
Қалалық орта қабатты құрылыс (5-тен 9 қабатқа дейін)
жиынтық
800 м радиуста құлақтандыру үшін (ауданы 2 км²) 1 сиреналық-сөйлеу құрылғысы
12 жыл
3
Қалалық аз қабатты және ауылдық құрылыс (1-3 қабатты үйлер, 5 қабатқа дейін)
жиынтық
1300 м радиуста құлақтандыру үшін (ауданы 5,3 км²) 1 сиреналық-сөйлеу құрылғысы
12 жыл
Халықты құлақтандырудың соңғы құрылғыларының талап етілетін көлемдерінің есептеулері (қуаты 600 Вт–тан кем емес) үлгілік болып табылады және қолданылатын жабдықтың өндірушісінің моделіне, қосу схемаларына және басқару тәсілдеріне тәуелді емес.

Қолданыстағы