Об утверждении Правил передачи в управление объектов транспортной инфраструктуры города Туркестан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил передачи в управление объектов транспортной инфраструктуры города Туркестан
- Атауы (қаз.)
- Түркістан қаласының көлік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 187
- Қабылданған күні
- 14.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2025 209102_752486.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25UD668013
- ЭКБ идентификаторы
- 209102
- Редакция идентификаторы
- 209102_752486
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:04
0 Түркістан қаласының көлік инфрақұрылымы объектілерін
басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 22-тармақшасына сәйкес Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Түркістан қаласының көлік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Түркістан қаласының көлік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидалары
2025 жылғы 14 сәуірдегі
№ 187 қаулысымен бекітілген
Түркістан қаласының көлік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Түркістан қаласының көлік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» және «Түркістан қаласының ерекше мәртебесi туралы» заңының 9-бабы 1-тармағының 22-тармақшасына сәйкес әзірленді және Түркістан қаласының коммуналдық меншігіндегі көлік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру тәртібін айқындайды.
2 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) басқарушы компания – жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындалған, көлік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын және құрылтайшымен шарт жасасқан заңды тұлға (бұдан әрі – басқарушы компания);
2 2) басқарушы компанияның құрылтайшысы – Түркістан қаласының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – құрылтайшы);
3
3) көлік инфрақұрылымы объектілері – Түркістан қаласының коммуналдық меншігіндегі теміржол, трамвай, жеңіл рельс, монорельс және ішкі су жолдарын, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, эстакадаларды, көпірлерді, вокзалдар мен станцияларды, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін, метрополитен желілерін, порттарды, порттағы құралдарды, кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын, әуе айлақтарды, әуежайларды, көлік-логистика орталықтарын, байланыс, навигация және көлік құралдарының жүрісін басқару жүйелерінің объектілерін, магистральдық құбырларды, сондай-ақ көлік кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғылар мен жабдықтарды қамтитын технологиялық кешен (бұдан әрі – объект);
4 4) Көлік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру жөніндегі комиссия – объектілерді басқаруға беру рәсімдерін жүргізу үшін құрылтайшы құрған комиссия (бұдан әрі – Комиссия);
5 5) теңгерім ұстаушы – оралымды басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы объект бекітілген мемлекеттік заңды тұлға.
2 2-тарау. Объектіні басқаруға беру тәртібі
3 3. Объектіні басқаруға беру туралы шешімді әкімшілік-аумақтық бірліктің мүддесінде Түркістан қаласының жергілікті атқарушы органы қабылдайды.
4 4. Объект басқарушы компанияның басқаруына 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
5 5. Басқарушы компания жергілікті атқарушы органның шешімімен жарғылық капиталына жергілікті атқарушы органның 100 пайыз қатысу үлесі бар ведомстволық бағынысты ұйымдардың арасынан айқындалады.
6 6. Объектіні басқару Түркістан қаласының көлік инфрақұрылымы объектілерін басқару туралы шарт негізінде туындайды.
7 7. Құрылтайшы объектіні басқаруды және оны беруге дайындауды жүзеге асырады, басқарушы компаниямен Түркістан қаласының көлік инфрақұрылымы объектілерін басқару туралы шартын жасасады және көрсетілген шарт талаптарының орындалуын бақылайды.
8
8. Объектіні басқаруға беру туралы басқарушы компанияның ерікті түрде берілетін өтінішіне мына құжаттар қоса беріледі: мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, салыстыру үшін түпнұсқасын көрсете отырып, құрылтай құжаттардың көшірмелері немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.
9 9. Объектіні басқаруға берген кезде Комиссия объектіні басқаруға беру туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей құрылтайшымен шарт жасалады.
10 10. Объектіні басқаруға беруді ұйымдастыру үшін құрылтайшы Комиссия құрады.
11 11. Комиссияның құрамы Түркістан қаласының жергілікті атқарушы органының шешімімен бекітіледі.
3 3-тарау. Объектіні басқаруға беруге дайындау
14 14. Объектіні басқаруға беру рәсімдерін бастағанға дейін объект туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар топтамасы жасалады.
15 15. Объектіні басқаруға беруге дайындауды құрылтайшы жүзеге асырады.
16 16. Теңгерім ұстаушы Комиссияға заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, акцияларды (үлестерді) немесе беру объектісі болып табылатын мүлік кешенін, соңғы 3 (үш) жылдағы қаржы-шаруашылық қызмет туралы толық ақпаратты және объектіні басқаруға беру талаптарын ұсынады.
Басқа объектілер бойынша теңгерім ұстаушы Комиссияға объектінің сипаттамасын, оның теңгерімдік құны туралы мәліметтерді және объектіні басқаруға беру шарттарын ұсынады.