Об утверждении Положения о специальном земельном фонде Тимирязевского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының арнайы жер қоры жөнінде Ережелерді бекіту туралы 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17 бабы 6 тармағының, 100 баптың орындалуы барысында Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының арнайы жер қоры жөніндегі Ережелер бекітілсін. Келісілді: 16.07.2004 ж. Бакаев Еркімбек Ғалымұлы - ауыл шаруашылық және жер қатынасы аудандық басқармасының бастығы; 16.07.2004 ж. Жұмабеков Болат Серікұлы - жер ресурсын басқару жөнінде аудандық комитеттің төрағасы.
Басқа 2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының арнайы жер қоры жөнінде ЕРЕЖЕ
2004 ж. 20 шілдедегі № 200 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының арнайы жер коры жөнінде Ережелерді бекіту туралы» Тимирязев ауданы әкімдігінің каулысымен БЕКІТІЛДІ Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының арнайы жер қоры жөнінде ЕРЕЖЕ
Тармақ 3
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының арнайы жер қоры жөнінде Ереже (әр қарай - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 10) тармақшасына, 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17 бабы 6 тармақшасы мен 100 бабына, 1996 жылғы 30 қазандағы №1312 «Арнайы жер қорын құру және тарату Тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің каулысына сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Арнайы жер қоры мақсатты пайдаланылмаған және заңдарды бұза отырып пайдаланылған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің, сондай-ақ олардан жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар бас тартқан жерлердің есебінен құрылады.
Тармақ 2
2. Арнайы жер қорына санитарлық нормалар мен талаптарды қанағаттандыратын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді жай-күйі көтермейтін жер учаскелері енгізіледі.
Тарау 2. 2. Арнайы жер қорын құру Тәртібі.
2. Арнайы жер қорын құру Тәртібі.
Тармақ 3
3. Жер учаскелерін ауданның арнайы жер қорына енгізу үшін анықтау жерді түгендеу барысында, сондай-ақ жер заңдарын сақтауға бақылау жасау тәртібімен жұмыстарды жүйелі түрде орындау, жерге орналастыру сызбалары мен жобаларын әзірлеу, жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу барысында жер қорын басқару жөніндегі аудандық комитеті жүзеге асырады. Осы қорға түсетін ауыл шаруашылық мақсатындағы жерден жер учаскелері есебінен арнайы жер қоры құрылады:
Тармақша 1
1) Жер учаскеден еркімен бас тартқан жағдайда;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 92, 93 және 95 аптарына сәйкес және сот тәртібінде осы Кодекстін 94 бабы негізінде жер учаскелерін еріксіз алып қою жағдайда;
Тармақша 3
3) Егер заң бойынша мұрагерлік ие болмаған жағдайда, немесе бір де бір мұрагерлік иелері мұраға ие болып өсиет етіп қалдыруға қабылданылмаған жағдайда, немесе өсиет айтушы мұраға ие болуға құқы берілмеген жағдайда, немесе мұрагер мемлекеттік пайдалану үшін мұрадан бас тартқан, немесе себептерін және кімге қалтырғаның көрсетпей мұрадан бас тартқан жағдайда.
Тармақ 5
5. Осы Ереженің 4 тармағында аталған арнайы жер қоры құрамына жерді енгізу аудан әкімдігінің қаулысы бойынша өндіріледі.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік жер пайдаланушылардан мақсатында пайдаланылмаған немесе Қазақстан Республикасы заңдарды бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерін арнайы жер қорының құрамына енгізу жер заңдарына сәйкес аудан әкімдігінің бір жақты қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 89 бабында қаралған тәртіппен аудан әкімдігінің қаулысын жоғарғы тұратын органға немесе сот тәртібінде шағым беруге болады.
Тармақ 8
8. Осы жер учаскелерін жаңа меншік иелері мен жер пайдаланушыларға бергенге дейін оларды аудан әкімдігі белгілеген тәртіппен және сол жағдайда бұрынғы мемлекеттік жер пайдаланушылар (меншіктер) пайдаланады.
Тармақ 9
9. Меншіктен немесе жер пайдаланушының жер учаскелерін алып қою жөне сол жерді арнайы жер қорына енгізу туралы аудан әкімдігінің қаулысының жобасын жер қорын басқару жөніндегі аудандық органның уәкілі әзірлейді.
Тарау 3. 3. Арнайы жер қорынын жерлерін тарату Тәртібі.
3. Арнайы жер қорынын жерлерін тарату Тәртібі.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 97 бабына сәйкес арнайы жер қорынын жер тарату және пайдалану жүзеге асырылады. Арнайы жер қорынан жер учаскелері бірінші кезекте жерлер шаруа (фермер) қожалығын немесе басқа да ауылшаруашылық өндірісімен байланысты іс-әрекеттерін жүргізу үшін жерлері бөлуге жатпайтың мемлекеттік ауылшаруашылық ұйымдар құрамынан шыққан азаматтарға және осы аумақта тұратын негізгі жер бөлшегіне бұрын құқы берілмегендерге және (оралмандар) репатрианттарға беріледі.
Тармақ 11
11. Мерзімі 49 жылға жалға алу жағдайда шаруа (фермерлік) қожалығын ұйымдастыруға жөне тауарлық ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына және мерзімі 10 жылға шетел азаматтарына, азаматтықтары жоқ тұлғаларға арнайы жер қорынан жер учаскелері беріледі.
Тармақ 12
12. Шаруа (фермерлік) қожалығын жүргізуге қабылеттері бар қала және кеңттердегі тұрғындарға да жер учаскелері арнайы жер қорынан беріледі.
Тармақ 13
13. «Жеке меншікке жер учаскелерін беру құқысы және жер пайдалану құқысын беру тәртібінің Ережелерін бекіту туралы» 1996 жылғы 20 маусымдағы №760 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы мен Казақстан Республикасының Жер Кодексімен белгіленген арнайы жер қорынан жер учаскелерін беру жерге орналастыру тәртібімен, әдеттегідей, бірегей массивпен және қалған жер пайдаланушыларға жер пайдалануға мүмкіндіктер жасауды ескере отырып жүргізіледі.