Об установлении права ограниченного целевого пользования (публичный сервитут) акционерному обществу «Транснефть-Урал»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении права ограниченного целевого пользования (публичный сервитут) акционерному обществу «Транснефть-Урал»
- Атауы (қаз.)
- «Транснефть-Урал» акционерлік қоғамына шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 90
- Қабылданған күні
- 11.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2025 209174_762196.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25SH00090A
- ЭКБ идентификаторы
- 209174
- Редакция идентификаторы
- 209174_762196
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:06
0 «Транснефть-Урал» акционерлік қоғамына шектеулі нысаналы
пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағы 2-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 10) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Транснефть-Урал» акционерлік қоғамына, меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округінде уақытша автомобиль кешені мен қалашық үшін қосымшаға сәйкес жалпы көлемі 1,0306 гектар жер учаскесіне 3 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгіленсін.
Жер учаскесі бөлінетін болып табылады. Жер учаскесі «КазТрансОйл» АҚ ЭБЖ сервитутты кесіп өтеді.
2 2. «Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 «Транснефть-Урал» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 11 сәуірдегі № 90
қаулысына қосымша
«Транснефть-Урал» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут
белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№
Кадастрлық нөмірі
Жер пайдаланушылардың атауы
алаңы, га
оның ішінде алқаптары бойынша:
жерлер санаты
егістік
1
2
3
4
5
6
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Петерфельд ауылдық округі
1
15-220-005-085
Нұрлан Еркінұлы Қожахметов шаруа қожалығы
1,0306
1,0306
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер