Об утверждении Правил создания Фондово-закупочной (фондово-отборочной) комиссии в государственных музеях
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил создания Фондово-закупочной (фондово-отборочной) комиссии в государственных музеях
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 151-НҚ
- Қабылданған күні
- 08.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2025 209190_753186.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035988
- ЭКБ идентификаторы
- 209190
- Редакция идентификаторы
- 209190_753186
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:09
0 Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 35-15) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қауылысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ереженің 15-тармағы 343) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидалары бекітілсін.
2 2. Мыналардың:
1 1) «Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 362 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12466 болып тіркелген);
2
2) «Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 362 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 310-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34755 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидалары
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
2025 жылғы 8 сәуірдегі
№ 151-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) құрылу тәртібін айқындайды.
2 2. Комиссия музей қорларын қалыптастыру үшін мәдени құндылықтарды сатып алу және іріктеу мәселелерін қарау мақсатында құрылады.
3 3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.
2 2-тарау. Комиссияның құрылу тәртібі
4 4. Комиссия мемлекеттік музей жанынан мәдени құндылықтарды сатып алу және іріктеу жөніндегі мәселелерін қарау кезеңінде құрылады. Комиссияның құрамы және оның ережесі мемлекеттік музей директорының бұйрығымен бекітіледі.
5 5. Комиссияның құрамына төрағаны, мемлекеттік музейлердің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері мен қызметкерлерін қоса есептегенде кемінде бестен мүше кіреді.
Мәдени құндылықтарды сатып алу және іріктеуге археология, этнография, нумизматика, тарих, өнертану, реставрация және басқа салалар бойынша сараптамалық бағалау қажет болған жағдайда Комиссияға қатысу үшін тиісті мамандар шақыртылады.