Об определении порядка и условий установления за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении порядка и условий установления за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-4/141
- Қабылданған күні
- 17.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2025 209217_753445.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25BB04141A
- ЭКБ идентификаторы
- 209217
- Редакция идентификаторы
- 209217_753445
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:00
0 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары, қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. «Степногорск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу бойынша жұмыс тобын құрсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
5 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
Степногорск қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «»
№ қаулысына
қосымша
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар (бұдан әрі – Ұйымдар) жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандырушы үстемеақыларды белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – Тәртіп) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3)-тармақшасының негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылары).
2 2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
1 1. Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақылар белгілеуді ұйым басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынысының негізінде не ұйым басшысының дербес ұсынуы негізінде жүргізіледі.
Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу ұйым басшысының ұсынысы негізінде жүргізілуі мүмкін.
2 2. Ұсыныста жұмыскердің тегі мен лауазымы, тәртіптік жазаның жоқтығы туралы негіздер, мәліметтер және қалалық мәслихаттың шешімімен белгіленген үстемеақы мөлшері көрсетіледі.
3 3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақылар белгілеу шарттары
1 1. Ынталандыру үстемеақылары жұмыскерлерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
2
2. Ынталандыру үстемеақылары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандыру төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.