Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қаулы · № 600 · қабылданған 17.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-209221/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста Қаулы ·№ 600 ·17.04.2025
17.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қолданыста Қаулы ·№ 600 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
600
Қабылданған күні
17.04.2025
Көрсетілген редакция
17.04.2025 209221_754350.kaz
Соңғы өзгеріс
17.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25NA00600A
ЭКБ идентификаторы
209221
Редакция идентификаторы
209221_754350
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:00

0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан мына мекенжай бойынша жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

Қостанай қаласы, Карбышев көшесі, 47-үй бойынша құдыққа дейін Карбышев көшесі, 16-үй бойынша құдық, жалпы алаңы 0,0234 гектар, су құбырына қызмет көрсету және пайдалану үшін;
Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 358 А, жалпы алаңы 0,0275 гектар, канализацияға қызмет көрсету және пайдалану үшін.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы