Құжат мәтініне өту

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Тарбагатайскому району

Өзге акт · № 27/11-VIII · қабылданған 11.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-209281/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Тарбагатайскому району Қолданыста Өзге акт ·№ 27/11-VIII ·11.04.2025
11.04.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Тарбагатайскому району

Қолданыста Өзге акт ·№ 27/11-VIII · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Тарбагатайскому району
Атауы (қаз.)
Тарбағатай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
27/11-VIII
Қабылданған күні
11.04.2025
Көрсетілген редакция
11.04.2025 209281_753563.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25VP918416
ЭКБ идентификаторы
209281
Редакция идентификаторы
209281_753563
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:06

0 Тарбағатай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының

мөлшерін және оларды алушылар санаттарының
тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Тарбағатай ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Тұрғын үй сертификатының мөлшері

Тарбағатай аудандық мәслихатының
2025 жылғы 11 сәуірдегі
№ 27/11-VIII шешіміне
1 қосымша
Тұрғын үй сертификатының мөлшері

1 1) Әлеуметтік көмек түрінде қарыз сомасынан 10%, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын;

2 2) Әлеуметтік қолдау түрінде қарыз сомасының 10%, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде.

6 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

Тарбағатай аудандық мәслихатының
2025 жылғы 11 сәуірдегі
№27/11-VIII шешіміне
2- қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
Кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
Қандастар;
Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
Толық емес отбасылар;
Асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) жатады.

Қолданыстағы