Құжат мәтініне өту

Об утверждении типовой формы технических условий на подключение к инженерным сетям

Бұйрық · № 68-НҚ · қабылданған 16.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-209330/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении типовой формы технических условий на подключение к инженерным сетям Қолданыста Бұйрық ·№ 68-НҚ ·16.04.2025
02.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении типовой формы технических условий на подключение к инженерным сетям

Қолданыста Бұйрық ·№ 68-НҚ · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении типовой формы технических условий на подключение к инженерным сетям
Атауы (қаз.)
Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
68-НҚ
Қабылданған күні
16.04.2025
Көрсетілген редакция
02.07.2025 209330_773444.kaz
Соңғы өзгеріс
02.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036000
ЭКБ идентификаторы
209330
Редакция идентификаторы
209330_773444
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:02

0 Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысанын бекіту туралы

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған алғашқы күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

0 Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны

Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 16 сәуірдегі
№ 68-НҚ
бұйрығымен бекітілген
Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда) немесе заңды
тұлғаның атауы
тұтынушының мекенжайы
_______
______________________________
телефон, электрондық
поштасы:______________________
______________________________
______________________________
(қолы)
20__ жылғы «___»________
Инженерлік желілерге қосуға арналған
техникалық шарттардың үлгілік нысаны

1 1. Объектінің толық атауы және мекенжайы (жобаланатын, қолданыстағы, реконструкцияланатын канал немесе жерүсті ағыны):_______________________

_______________________________________________________________

2 2. Объектінің мақсаты ___________________________________________

3 3. Техникалық шарттарды алу үшін негіздеме (қажеттісін белгілеу):

1 1) желіге қосылатын жаңа объектілерді жобалау және кейіннен құрылысын жүргізу;

2 2) қолданыстағы жүйеде көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайту;

3 3) егер бұл тұтынылатын көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сипаттамаларының өзгеруіне әкелетін болса, реконструкциялау;

4 4) қайта бейіндеу;

5 5) қайтадан енгізілетін объектілердің желілеріне қосылу;

6 6) бұрын қосылмаған объектінің желілеріне қосылу.

4 4. Ауданы: _____________________________ гектар

5 5. Қажеттілік __________________________ текше метр /тәулік (ай, жыл):

оның ішінде:

1 1) өндірістік қажеттіліктерге __________ текше метр /тәулік (ай, жыл);

2 2) суаруға _______________ текше метр /тәулік (ай, жыл);

3 3) шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер __________ текше метр /тәулік

(ай, жыл)

6 6. Қосуды жүргізу (уақыты және күні): ______________________________

7 7. Қосу нүктесі: __________________________________________________

8 8. Техникалық шарттар:

1

1) табиғи монополия субъектісі суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша тұтынушыға мынадай техникалық шарттарды орындаған жағдайда ________________ м3/тәулігіне (айына, жылына) мөлшерінде каналдан, су қоймасынан, өзеннен су алуға рұқсат береді:
суды тек суаруға, тұрмыстық қажеттіліктерге және технологиялық процесте су қажет болатын өндірістік қажеттіліктерге жұмсау керек. Белгіленген лимиттен тыс суды жұмсауға рұқсат етілмейді;
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары шеңберінде су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардан келісім алу;
каналдар мен жерүсті ағынының қорғау аймағын қамтамасыз ету;
қорғау аймағы шегінде сумен жабдықтау жөніндегі ұйым және (немесе) су шаруашылығы ұйымы келісімінсіз кез келген объектілерде, құрылысжайларда құрылыстар, монтаждау және жер жұмыстарын жүргізу, тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруға, әртүрлі алаңдар, автокөлік тұрақтарын орнатуға, әртүрлі материалдарды жинауға, қоршаулар мен шарбақтар, стационарлық құрылысжайлар салуға, ағаштар мен бұталар отырғызуға, жер жұмыстарына жол берілмейді;
каналдар мен жерүсті ағындарына қызмет көрсету, пайдалану, жөндеу үшін, сондай-ақ тұтынушының су өлшегіш торабына кіруді және еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
тұтынушының (ұйымдардың, лауазымды, заңды және жеке тұлғалардың) кінәсінен каналдар мен жерүсті ағынының және олардың конструкцияларының зақымдануы кезінде залалды өтеу олардың есебінен толық көлемде жүргізіледі
қосылу нүктесінде балық қорғау құрылысжайларын немесе құрылғыларын қолдануды қамтамасыз ету;

2 2) тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағыны мен каналдарына қосылу:

құрылыс, жөндеу және заманауи материалдардың жаңа технологияларын қолдана отырып, жоба әзірленгеннен кейін;
су шығынын коммерциялық есепке алу үшін су өлшегіш торап (су өлшегіш құрылғы) орнатылғаннан кейін;
осы техникалық шарттар толық көлемде орындалғаннан кейін.
Қосылуды табиғи монополия субъектісі өкілінің қатысуымен жүзеге асырады.
Құрылыс, жөндеу, тазарту кезеңінде санатта бар тұтынушыларды үздіксіз сумен қамтамасыз ету.
Табиғи монополия субъектісі әзірленген және берілген техникалық шарттарды есепке алуды және тіркеуді ұйымдастырады.
Берілген техникалық шарттардың бір данасы табиғи монополия субъектісінде шектеусіз мерзімде сақталады.
Техникалық шарттарды қайта рәсімдеу және беру үшін ақы алынбайды.
Техникалық шарттардың қолданылу мерзімі жобалаудың және құрылыстың нормативтік мерзіміне сәйкес болады.

Қолданыстағы