Об утверждении Правил запроса и получения плательщиком социальных отчислений от Государственного центра по выплате пенсий информации о перечисленных суммах социальных отчислений в Государственный фонд социального страхования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил запроса и получения плательщиком социальных отчислений от Государственного центра по выплате пенсий информации о перечисленных суммах социальных отчислений в Государственный фонд социального страхования
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан әлеуметтік аударымдардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған сомалары туралы ақпаратты сұрау және алу ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 169-п
- Қабылданған күні
- 29.07.2004
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2016 AI20934_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003004_
- ЭКБ идентификаторы
- 20934
- Редакция идентификаторы
- AI20934_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:49
0 Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан әлеуметтік аударымдардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған сомалары туралы ақпаратты сұрау және алу ережесін бекіту туралы
"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 13-бабына сәйкес бұйырамын:
1 1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан әлеуметтік аударымдардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған сомалары туралы ақпаратты сұрату және алу ережесі бекітілсін.
2 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
0 Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты сұрату және алу ережесі
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрінің
2004 жылғы 30 шілдедегі
N 169-ө бұйрығымен
бекітілген
Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты сұрату және алу ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ереже "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 13-бабына сәйкес әзірленді.
2
2. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеуді жүзеге асыратын әлеуметтік аударымдар төлеушінің (бұдан әрі - төлеуші) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі - Орталық) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты сұратуға және тегін алуға құқығы бар.
2 2. Алушының аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты сұрату және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың оны ұсыну тәртібі
3
3. Төлеуші Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты алу үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты алуға арналған тапсырысты толтырады және оны Орталықтың құрылымдық бөлімшелері арқылы осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталыққа ұсынады.
4 4. Төлеуші өтініш берген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Орталық аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты дайындайды және оны Орталықтың құрылымдық бөлімшелері арқылы осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлеушіге жібереді.
1 Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алуға өтінім
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрінің
2004 жылғы 30 шілдедегі
N 169-ө бұйрығымен бекітілген
Әлеуметтік аударымдар төлеушінің
Зейнетақы төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталықтан Мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру қорына
аударылған әлеуметтік аударымдардың
сомалары туралы ақпаратты сұрату
және алу Ережесіне
1-қосымша
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алуға өтінім
____________________________________________________________________
Төлем | Төлем | Төлем | Банк | Кәсіпорын.| Кәсіпорын.
тапсырысы.| тапсыры. | тапсыры. |операциясы.| ның БСН | ның атауы
ның N |сының күні| сының | ның | |
| | сомасы | референсі | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6
____________________________________________________________________
Қолдары:
Басшы __________________________________________ Т.А.Ә.
Бас бухгалтер __________________________________ Т.А.Ә.
Мөр орны
2 Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрінің
2004 жылғы 30 шілдедегі
N 169-ө бұйрығымен бекітілген
Әлеуметтік аударымдар төлеушінің
Зейнетақы төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталықтан Мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру қорына
аударылған әлеуметтік аударымдардың
сомалары туралы ақпаратты сұрату
және алу Ережесіне
2-қосымша
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат
____________________________________________________________________
Төлем | Төлем | Төлем | Банк |Кәсіпорын.|Кәсіпорын.| Dbf.
тапсыры.| тапсыры. |тапсыры.|операция.| ның БСН |ның атауы | файл
сының N |сының күні| сының | сының | | |
| | сомасы |референсі| | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
Қолдары:
ЗТМО бөлімшесінің басшысы ________________________ Т.А.Ә.
ЗТМО бөлімшесінің бас маманы _____________________ Т.А.Ә.
Мөр орны