Құжат мәтініне өту

Об утверждении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы в городе Туркестан

Қаулы · № 196 · қабылданған 18.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-209347/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы в городе Туркестан Қолданыста Қаулы ·№ 196 ·18.04.2025
18.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы в городе Туркестан

Қолданыста Қаулы ·№ 196 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы в городе Туркестан
Атауы (қаз.)
Түркістан қаласында қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
196
Қабылданған күні
18.04.2025
Көрсетілген редакция
18.04.2025 209347_753648.kaz
Соңғы өзгеріс
18.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25UD00196A
ЭКБ идентификаторы
209347
Редакция идентификаторы
209347_753648
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:58

0 Түркістан қаласында қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы №11-р «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» өкіміне сәйкес Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Түркістан қаласында қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Түркістан қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы №5 «Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуы Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

4.иОсы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қозыханұлына жүктелсін.
5.иОсы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Түркістан қаласында қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі

Түркістан қаласы әкімдігінің
2025 жылғы « 18 » сәуірдегі
№ 196 «Түркістан қаласында
қоғамдық жұмыстардың түрлерін
және қоғамдық жұмыстар орындалуға
тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту
туралы» қаулысына қосымша
Түркістан қаласында қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі

Ұйымдардың тізбесі
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
1
Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің «Жасыл Түркістан» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қала аумағын көріктендіру
2
Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің «Түркістан жарық-тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қала аумағын тазалау

Қолданыстағы