Құжат мәтініне өту

Об организации и осуществлении сбора налогов и других обязательных платежей в бюджет аппаратами акимов поселков, сельских округов

Қаулы · № а-7/143 · қабылданған 07.07.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-20942/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации и осуществлении сбора налогов и других обязательных платежей в бюджет аппаратами акимов поселков, сельских округов Күшін жойған Қаулы ·№ а-7/143 ·07.07.2004
02.04.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и осуществлении сбора налогов и других обязательных платежей в бюджет аппаратами акимов поселков, сельских округов

Күшін жойған Қаулы ·№ а-7/143 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и осуществлении сбора налогов и других обязательных платежей в бюджет аппаратами акимов поселков, сельских округов
Атауы (қаз.)
Ауылдық округтердің поселкелердің әкімдері аппараттарының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жұмысын ұйымдастыруы және іске асыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
а-7/143
Қабылданған күні
07.07.2004
Көрсетілген редакция
02.04.2009 20942_175258.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04B0002746
ЭКБ идентификаторы
20942
Редакция идентификаторы
20942_175258
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:55

0 Ауылдық округтердің поселкелердің әкімдері аппараттарының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жұмысын ұйымдастыруы және іске асыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 12 маусымдағы N 209 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 21 бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес облыстық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауылдық округтердің, поселкелердің әкімдері аппараттарының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жұмысын ұйымдастыруы және іске асыруы туралы Ереже» бекітілсін (одан әрі - Ереже).

2 2. Ақмола облысы бойынша салық комитеті Ақмола облысының қаржы басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп ауылдық округтердің, поселкелердің әкімдері аппараттарының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды ұйымдастыру және іске асыру Ережесіне әдістемелік нұсқаулар әзірлесін.

3

3. Аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері - "Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік Орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, Ақмола облысы бойынша салық комитетімен (келісім бойынша), Ақмола облысы бойынша жер ресурстарын басқару комитетімен (келісім бойынша), Ішкі істер бас басқармасының жол полициясы басқармасымен (келісім бойынша) бірлесе отырып, бюджетке өткен және ағымдағы кезең үшін мүлік, жер және көлік құралдары салығы бойынша бересінді төлетуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын ұйымдастырсын.

4 4. Облыс әкімдігінің осы қаулысының орындалуына бақылау жасау Ақмола облысы әкімінің орынбасары О.В. Наймушинаға жүктелсін.

5 5. Ақмола облысының осы қаулысы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және жариялауға болады.

6 Ақмола облысы әкімдігінің

08.07.2004 ж. N а-7/143
"Ауылдық округтердің, поселкелердің
әкімдері аппараттарының салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді жинау жұмысын ұйымдастыруы
және іске асыруы туралы" қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Ауылдық округтердің, поселкелердің әкімдері аппараттарының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жұмысын ұйымдастыру және іске асыру Ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ереже ауылдық округтердің, поселкелердің әкімдері аппараттарының жергілікті салықты (жеке тұлғалардан жер салығы, жеке тұлғалардан көлік құралдары салығы, жеке тұлғалардан мүлік салығы (одан әрі - салықтар)) жинайтын мамандарының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жұмысын ұйымдастыруын және іске асыруын, жұмыстарын ұйымдастырғанда басты бағыттарын, тапсырмаларын, міндеттері мен құқықтарын анықтайды.
Поселкелердің, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының жергілікті салықты жинайтын мамандар (одан әрі - мамандар) қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы , Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексі , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, аталған Ереже құрайды.

2 2. Жұмысын ұйымдастыру

2 2. Маман жұмысын ұйымдастыру тиісті поселкелік, ауылдық округ әкіміне жүктеледі.

Салық комитеттері маман қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Салық комитеттеріне сондай ақ, жинаушыға жүктелген міндеттерді іске асыру үшін тәжірибелік көмек көрсету, оның ішінде оқыту, кәсіптік деңгейін арттыру жүктеледі.

3

3. Тиісті поселке, ауылдық округ әкімі маманға әкімшілік учаскені бекітеді. Учаскенің көлемі мен шекарасын әкім анықтайды және қажет болған жағдайда тиісті аумақтық салық комитеті төрағасының қатысуымен халықтың саны мен құрамын, салық төлеушілердің санын, аумақтың көлемін, елді мекендердің ара қашықтығын және аймақтың өзгеде ерекшеліктерін ескеріп, яғни жинаушыларға жұмыс көлемі бірдей келетіндей етіп есептей отырып қайта қарайды.

4 4. Әрбір маман өз учаскесінде кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын жеке тұлғаларға салық салу объектілерінің Төлқұжатын жүргізеді. (1 қосымша).

5 5. Төлқұжаттың дұрыс жүргізілу тәртібін аумақтық салық комитеті жылына бір рет тексереді.

6 6. Маман өз жұмысы жайында тікелей әкімге және тиісті аумақтық салық комитетіне есеп береді.

7 7. Маман өз қызметі тұрғысында аумақтық салық комитетінің және қаржы полициясының қызметкерлерімен өзара іс- қимыл жасайды. өзара іс- қимыл заңда белгіленген тәртіпте ақпараттар алмасу арқылы жүреді.

3 3. Маманның құқықтары мен міндеттері

8

8. Маман Қазақстан Республикасы салық кодексінің 21 бабына сәйкес салық төлемін қамтамасыз ету үшін, қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002 жылдың 16 сәуіріндегі N 434 және қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 2002 жылдың 19 сәуіріндегі N 171 бірлескен бұйрықтарымен бекітілген ФЛ-1 үлгісі бойынша квитанция толтыру арқылы ақшалай қаражатты өндіріп алуға құқылы.

9 9. Өзіне жүктелген тапсырмаларды іске асыру үшін маман міндетті:

1 1) салықтың толық және уақытылы жиналуын қамтамасыз етуге;

2 2) салыққа қарыздарды жою бойынша жұмыстарын жүргізуге;

3 3) учаске аумағында салық төлеушілердің және салық салынатын объектілердің есебін толық және уақытында жүргізуге;

4 4) төлемдерді қабылдау кезінде салық төлеушіге- жеке тұлғаға салықты төлегенін растайтын ФЛ-1 үлгісіндегі квитанция беруге;

5 5) салық сомасының төленгенін растайтын квитанция берілген күнінен кейінгі күннен кешіктірілмей толық көлемде және уақытында банкіге тапсыруға, егерде елді мекенде банкі болмаған жағдайда жақын жердегі банкіге үш жұмыс күнінен кешіктірмей тапсыруға;

6

6) ФЛ-№1 үлгісіндегі квитанция бланкілерін дұрыс толтырылуын және сақталуын қамтамасыз етуге және аумақтық салық комитетіне олардың толтырылуы туралы есепті толтырылған бланкілер мен бүлінген квитанция бланкілерін қосымша тіркеп уақытында тапсыруға. Қатаң есеп бланкілері жоғалған жағдайда тиісті аумақтық салық комитетіне шұғыл хабарлауға;

7 7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған жеке тұлғалардың тұрған жерін анықтауға көмек көрсетуге;

8 _____ ауданы _______________ ауылдық округі бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын жеке тұлғаларға салық салу объектісінің құжаты

8) салық органының қызметкерлеріне учаске аумағында қызметтік міндетін атқарған кезде қажетті көмек көрсетуге.
1 қосымша
"Ауылдық округтердің, поселкелердің
әкімдері аппараттарының салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді жинау жұмысын ұйымдастыруы
және іске асыруы Ережесіне"
_____ ауданы _______________ ауылдық округі бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын жеке тұлғаларға салық салу объектісінің құжаты
№ р/р
Са­лық­тө­ле­у­ші­нің(үй ие­сі)Ф.А.Ә аты.
Тұр­ғы­лық­ты ме­кен ад­ре­сі( ауыл, кө­ше, үй­дің N)
Жал­пы жер кө­ле­мі ( пай­да­ла­на­тын жер­дің бар­лық кв.м. кү­ні)
Со­ны­мен қа­тар
"Жы­л­жы­май­тын мү­лік бой­ын­ша  Ор­та­лық"» РМК мү­лік­тің тір­кел­ген кү­ні және  №
Тір­кел­ген мү­лік
тің
құ­ны,
жар­на үле­сі тү­рін
де
алын-н мү­лік
ті
қо­са
Құ­ры­лы­стар­мен бір­ге тұр­ғын үй алып жа­тқан жер
Құ­ры­лы­стар­мен бір­ге тұр­ғын үй алып жа­тқан жер­ден бас­қа үй жа­нын­да­ғы жер те­лі­мі(м2)
Же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық , бақ­ша және са­я­жай құ­ры­лы­сын­да­ғы жер­лер(га)
Жар­на, ұй­ға­рым­ды үлес тү­рін­де ал­ған жер­лер
Оның ішін­де
Ауыл ша­ру-на пай­да­ла­ну(га)
Бас­қа­ға ар­нал­ған ( нақ­ты көр­сет) (га)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
таблицаның жалғасы
Кө­лік құ­рал-ң есе­бі(са­ны)
Оның ішін­де
Са­лық тө­ле­у­ші­нің қо­лы
Жур­нал­ға тір­кел­ген кү­ні
Анық­та­ма  (же­ңіл­дік бе­ру құ­жат­тар­ды атап  көр­се­ту)
Же­ңіл кө­лік(мар­ка­сы, шық­қан жы­лы қоз­ғалт­қыш кү­ші)
Ауыр жүк кө­лік (мар­ка­сы жүк ти­еу кү­ші)
Со­ны­мен қа­тар
Ауыр жүк кө­лік­те­рі
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы­на ар­нал­ған кө­лік
Ав­то­бу­стар (ор-ын са-

ны ны)

Мо­то­цик­л­дер/ мо­то ша­на­лар ша­ғын ке­ме­лер
Ка­тер­лер,ях­та­лар ( ат­тың  кү­ші )
Ұшу ап­па­рат­та­ры (квт кү­ші)
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24

Қолданыстағы