О внесении изменения и дополнения в некоторые приказы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в некоторые приказы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 322-ОД
- Қабылданған күні
- 18.07.2004
- Көрсетілген редакция
- 19.07.2013 AI20947_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003011_
- ЭКБ идентификаторы
- 20947
- Редакция идентификаторы
- AI20947_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:52
0 Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 743 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 14) тармақшасына және 20-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1 1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1
1) "Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 82-НҚ (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркелімінде N 2256 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 17 мамырда N 20 нөмірінде жарияланған, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркелімінде N 2533 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 9 қазандағы N 253-НҚ бұйрығымен , Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркелімінде N 2608 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 қарашадағы N 269-НҚ бұйрығымен өзгеріс енгізілген) бұйрығына :
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі нұсқаулыққа:
8-тармақтың 16) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"инвестициялық бағдарламалар (жобалар), олар болған жағдайда;";
2 2) Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 08.05.2013 N 142-НҚ бұйрығымен.
2
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент (Д.Х.Тоқыбаева) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.