Об установлении публичного сервитута акционерного общества «Казахтелеком»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута акционерного общества «Казахтелеком»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қоғамдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 923
- Қабылданған күні
- 06.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2025 209521_754545.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25E000923A
- ЭКБ идентификаторы
- 209521
- Редакция идентификаторы
- 209521_754545
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:43
0 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына
қоғамдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заңды тұлғаның өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына төменде көрсетілген жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 21 ақпанына дейін қоғамдық сервитут белгіленсін:
1 1) Шымкент қаласы, Самал-3 шағын ауданында орналасқан пайдаланудағы талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін алаңы 2,8383 га.
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 195 275 (жүз тоқсан бес мың екі жүз жетпіс бес) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
2 2) Шымкент қаласы, Қатын көпір шағын ауданы, Әл-Фараби көшесі (Рысқұлов көшесі мен Амангелді қөшесі аралығында) пайдаланудағы талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін алаңы 0,1713 га.
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 11 785 (он бір мың жеті жүз сексен бес) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
3 3) Шымкент қаласы, Самал-3 шағын ауданы пайдаланудағы талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін алаңы 4,7224 га.
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 324 901 (үш жүз жиырма төрт мың тоғыз жүз бір) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.