О некоторых вопросах Национальной гвардии Республики Казахстан
Қолданыста
Қаулы
·№ 268
·
13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Национальной гвардии Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 268
- Қабылданған күні
- 25.04.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2025 209527_756400.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2500000268
- ЭКБ идентификаторы
- 209527
- Редакция идентификаторы
- 209527_756400
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:51
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ұлытау облысының Жезқазған қаласында орналасатын «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5575 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3 3. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4 4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
«3. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 42-жолмен толықтырылсын:
«42. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5575 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.».