Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил определения рейтинга творческих кружков для детей и юношества

Бұйрық · № 188-НҚ · қабылданған 23.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-209543/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил определения рейтинга творческих кружков для детей и юношества Қолданыста Бұйрық ·№ 188-НҚ ·23.04.2025
23.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил определения рейтинга творческих кружков для детей и юношества

Қолданыста Бұйрық ·№ 188-НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил определения рейтинга творческих кружков для детей и юношества
Атауы (қаз.)
Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
188-НҚ
Қабылданған күні
23.04.2025
Көрсетілген редакция
23.04.2025 209543_755389.kaz
Соңғы өзгеріс
23.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036021
ЭКБ идентификаторы
209543
Редакция идентификаторы
209543_755389
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:54

0 Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын бекіту туралы

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-15) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 356) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидалары бекітілсін.

2

2. «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 111 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22628 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидалары

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және
ақпарат министрі
2025 жылғы 23 сәуірдегі
№ 188-НҚ
бұйрығымен бекітілген
Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысы бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 356) тармақшасына сәйкес әзірленді және балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау тәртібін анықтайды.

2 2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:

1

1) мемлекеттік шығармашылық тапсырыс (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) – мемлекет қаржыландыратын, мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес айқындалатын және өнім берушілерде олардың меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан орналастырылатын, балалар мен жасөспірімдер үшін мәдениет саласында көрсетілетін қызметтер көлемі;

2 2) оператор – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік тапсырысты орналастыру рәсімін басқаруды орындауға уәкілеттік берілген оның құрылымдық бөлімшесі;

3

3) өнім беруші – білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қызметінің негізгі түрі «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 113 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22634 болып тіркелген) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде көзделген үйірме түрлерінің бағыттары бойынша қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер.

3 3. Рейтинг өнім берушілердің бір-біріне қатысты көрсететін қызметтердің сапасы мен танымалдылығын анықтау үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге қолданылады.

2 2-тарау. Балалар мен жас өспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау тәртібі

4

4. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін анықтау «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22644 болып тіркелген) бекітілген Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларында көзделген мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шығармашылық үйірмеге қатысатын баланың заңды өкілінің баға қою жолымен жүзеге асырылады.

5 5. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмені бағалау келесі өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:

1 1) шығармашылық процесті ұйымдастыру, балаға міндеттерді түсіндірудің қолжетімділігі;

2 2) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірменің материалдық-техникалық жарақтандырылуы.

6 6. Бағалау 1-ден 5-ке дейінгі баллдарда көрсетіледі, мұндағы 1 – ең төменгі балл, 5 – ең жоғары балл.

7 7. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингі келесі жолмен есептеледі:

Р=Б/А, мұндағы:
Р – шығармашылық үйірмелердің рейтингі;
Б – бағалауға қатысқан заңды өкілдердің қойған баллдарының жалпы сомасы;
А – баға қойған заңды өкілдердің жалпы саны.

Қолданыстағы