Құжат мәтініне өту

Об установлении требований к содержанию выписки о движении денег по банковским счетам клиента

Қаулы · № 102 · қабылданған 21.07.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-20957/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении требований к содержанию выписки о движении денег по банковским счетам клиента Күшін жойған Қаулы ·№ 102 ·21.07.2004
31.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении требований к содержанию выписки о движении денег по банковским счетам клиента

Күшін жойған Қаулы ·№ 102 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении требований к содержанию выписки о движении денег по банковским счетам клиента
Атауы (қаз.)
Клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы көшірменің мазмұнына талаптар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
102
Қабылданған күні
21.07.2004
Көрсетілген редакция
31.08.2016 AI20957_18.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040003019_
ЭКБ идентификаторы
20957
Редакция идентификаторы
AI20957_18
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:51

0 Клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы көшірменің мазмұнына талаптар белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы көшірменің мазмұнына талаптар белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1 1. Клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы көшірмеде (бұдан әрі – көшірме) мыналар болады:

1 1) көшірме жасалған күн;

2 2) көшірме берілетін кезең;

3 3) клиенттің атауы (аты-жөні) және жеке бірегейлендіру коды;

4 4) клиентке қызмет көрсететін банктің атауы және банктік бірегейлендіру коды;

5 5) егер клиент ақша жіберуші (бенефициар) болып табылған жағдайда, бенефициардың (ақша жіберушінің) атауы (аты-жөні) және жеке бірегейлендіру коды;

6 6) теңгемен банк шоты бойынша – бенефициар банкінің (ақша жөнелтуші банкінің) атауы, банктік сәйкестендіру коды, бенефициардың және ақша жөнелтушінің атауы мен жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі.

Бенефициар банкінің (ақша жөнелтуші банкінің) атауы және/немесе банктік сәйкестендіру коды клиенттің және оған қызмет көрсететiн банктiң арасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру кезінде жазылмайды;

7 7) көшірме берілетін кезеңнің басындағы және аяғындағы кіріс және шығыс қалдығы;

8 8) төлемнің белгіленуі;

9 9) көшірме берілетін кезеңдегі дебет және кредит бойынша айналымдар;

10 10) банктік шоттың валютасы;

11 11) банктің уәкілетті адамының аты-жөні және мөртабан (үзінді көшірме электрондық түрде берілетін жағдайларды қоспағанда).

1-1 1-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 50-бабының 6 және 7-тармақтарында көзделген клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар көшірме нысанында ұсынылады.

Банктер туралы заңның 50-бабының 6 және 7-тармақтарына сәйкес клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтама берген кезде бар болса қосымша мынадай мәліметтер қоса беріледі:

1 1) көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банк шотына қойылған, орындалмаған инкассалық өкімдердің сомасы;

2 2) көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банк шотына қойылған, акцептеуді талап етпейтін, орындалмаған төлемдік талап-тапсырмалардың сомасы;

3 3) көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банк шотына қойылған, болашақтағы валюталау күні бар орындалмаған төлем тапсырмаларының сомасы;

4 4) көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банк шоттарындағы ақшаға салынған өзге ауыртпалықтардың (тыйым салудың) сомасы;

5 5) уәкілетті мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы ұсынған өкімдерінің саны;

6 6) банк шоты бойынша орын алған ауыртпалықтарды шегергенде, көшірме берілетін кезеңнің соңындағы ақша сомасының қалдығы (оң немесе теріс).

2 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енеді.

3 3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.

Қолданыстағы