Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Костанайской области

Қаулы · № 111 · қабылданған 28.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-209580/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Костанайской области Қолданыста Қаулы ·№ 111 ·28.04.2025
28.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Костанайской области

Қолданыста Қаулы ·№ 111 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
111
Қабылданған күні
28.04.2025
Көрсетілген редакция
28.04.2025 209580_754663.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25N1045110
ЭКБ идентификаторы
209580
Редакция идентификаторы
209580_754663
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:49

0 Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналардың:

1) Қостанай облысы әкімдігінің «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 410 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3840 болып тіркелген);
2) Қостанай облысы әкімдігінің «Әкімдіктің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 410 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2013 жылғы 9 қыркүйектегі № 387 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4229 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы