Об утверждении Правил формирования и представления предварительного списка всемирного культурного наследия Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил формирования и представления предварительного списка всемирного культурного наследия Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 175-нқ
- Қабылданған күні
- 17.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2025 209585_756393.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036032
- ЭКБ идентификаторы
- 209585
- Редакция идентификаторы
- 209585_756393
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:01
0 Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 24-1) тармақшасы және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 397) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидалары бекітілсін.
2
2. «Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 89 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20398 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидалары бекіту туралы
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және
ақпарат министрі
2025 жылғы 17 сәуірдегі
№ 175-нқ
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидалары бекіту туралы
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 24-1) тармақшасы және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 397) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) аса көрнекті әмбебап құндылық – бүкіл адамзат үшін аса құнды болып табылатын айрықша мәдени маңыздылық;
2 2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімі (бұдан әрі – алдын ала тізімі) – ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасының тізіміне қосу үшін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетіне ұсынылатын тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізбесі;
3 3) тарих және мәдениет ескерткіштері – Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосылған тарихи-мәдени мұра объектілері;
4 4) тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссия (бұдан әрі – арнайы комиссия) тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында уәкілетті органның жанынан құрылған консультативтiк-кеңесшi орган;
5 5) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2 2-тарау. Алдын ала тізімін қалыптастыру тәртібі
3 3. Алдын ала тізімді қалыптастыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) уәкілетті органға тиісті ұсыныстар жолдайды.
4 4. Жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары уәкілетті органмен арнайы комиссияның қарауына қырық бес күннің ішінде шығарылады.
5 5. Арнайы комиссияның ұсынымы негізінде уәкілетті орган алдын ала тізімді қалыптастырады.
6
6. Алдын ала тізімді қалыптастыру кезінде Қазақстан 1994 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы негізінде қосылған Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияда (бұдан әрі – Конвенция) айқындалатын дүниежүзілік мәдени мұраның ықтимал тарих және мәдениет ескерткіштеріне қойылатын өлшемдер, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткішінің аса көрнекті әмбебап құндылығы ескеріледі.