Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 29.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2025 209602_755764.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25NG00004B
- ЭКБ идентификаторы
- 209602
- Редакция идентификаторы
- 209602_755764
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:45
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және 2025 жылғы 13 ақпандағы № 3 Әулиекөл ауданы жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның отырыс хаттамасынан үзінді қөшірмесінің негізінде Әулиекөл ауылының әкімі ШЕШТІ:
1 1. «ИНСПЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қазандыққа арналған газ құбырының құрылысы үшін жалпы ауданы 0,0260 гектар Әулиекөл ауылы, Строительная көшесі аумағында орналасқан жер учаскесіне қоғамдық сервитут орнатылсын.
2 2. «Әулиекөл ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1
1) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілсін;