Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из городского бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из городского бюджета
- Атауы (қаз.)
- Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1020
- Қабылданған күні
- 24.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 24.04.2025 209620_755632.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25TA01020A
- ЭКБ идентификаторы
- 209620
- Редакция идентификаторы
- 209620_755632
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:54
0 Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстеме ақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
Атырау қаласы
әкімдігінің 2025 жылғы
24 сәуірдегі № 1020
қаулысына қосымша
Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасының негізінде әзірленді және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2 2-тарау. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары
2 2. Ынталандыру үстемеақысы персоналды ынталандыру мақсатында белгіленетін төлем болып табылады.
3 3. Бюджеттік ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақысы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қарастырылған материалдық көмектің және ынталандыру төлемінің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлем болып табылады.
4
4. Жұмыскерлердің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақысын төлеу жұмыскерлердің еңбегін ынталандырудың төлем жасалған түрлерін (сыйлықақы, қосымша ақы, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстемеақы, үстеме жұмыс үшін ақы және басқалар) тоқтатуға негіз болып табылмайды.
5 5. Жұмыскерлердің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақысын төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.
6 6. Ынталандыру үстемеақысы еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
7 7. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығын беретін қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
1 1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
2 2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу;
3 3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;
4 4) ұйымдардың одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау;
5 5) егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған жұмыскерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босамай орындау;
6 6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (өтіл) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен, сондай-ақ басқа да көрсеткіштерді жүктеу;
7 7) бұдан басқа, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар құжаттармен жұмысты жүзеге асыратын қызметкерге лауазымдық жалақыға үстемеақы олардың орындалу көлеміне қарай, сондай-ақ оның кейбір құқықтарын шектегені және қосымша жауаптылығы үшін белгіленуі мүмкін;
8
8) үстемеақылар сондай-ақ мынадай объективті мән-жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде белгіленуі мүмкін: осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек мертігуі, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіргенге, не мүгедектік белгіленгенге дейін.