Қолданыстағы ред. 14.07.2004 (Редакция 20965_322200.kaz)

Білім беру ұйымдарында күндіз оқитын және тәрбиеленетін оқушыларға қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру ережесін бекіту туралы от 14.07.2004 г. № 92 (Білім беру ұйымдарында күндіз оқитын және тәрбиеленетін оқушыларға қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру ережесін бекіту туралы)

0

Білім беру ұйымдарында күндіз
оқитын және тәрбиеленетін
оқушыларға қоғамдық көлікте
(таксиден басқа) жеңілдікпен
жүру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 6 - бабының 1 – тармағына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдарында күндіз оқитын және тәрбиеленетін оқушыларға қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру ережесі бекітілсін.

2

2. Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдарында күндіз оқитын және тәрбиеленетін оқушыларға қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру құқын тағайындау комиссиясының құрамы бекітілсін.

3

3. Осы шешім Атырау облыстық әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткен күнен бастап күшіне енеді.

4

4. Осы шешім аудандық басылымда ресми жариялансын.