Құжат мәтініне өту

Об установлении льготного проезда на регулярном городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан Хромтауского района

Қаулы · № 109 · қабылданған 31.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-209690/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении льготного проезда на регулярном городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан Хромтауского района Қолданыста Қаулы ·№ 109 ·31.03.2025
31.03.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении льготного проезда на регулярном городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан Хромтауского района

Қолданыста Қаулы ·№ 109 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении льготного проезда на регулярном городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан Хромтауского района
Атауы (қаз.)
Хромтау ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
109
Қабылданған күні
31.03.2025
Көрсетілген редакция
31.03.2025 209690_755358.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25CL870104
ЭКБ идентификаторы
209690
Редакция идентификаторы
209690_755358
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:21

0 Хромтау ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 31-баптарына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Хромтау ауданы азаматтарының келесідей жекелеген санаттарына меншіктің барлық түріндегі тұрақты қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:

1 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

2 2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген ардагерлерге;

3 3) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

4 4) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға;

5 5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;

6 6) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;

7 7) мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға:

бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бірінші топтағы мүгедектігі бар балалар.

2 2. Хромтау ауданы азаматтарының келесідей жекелеген санаттарына меншіктің барлық түріндегі тұрақты қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүру ақысының 50% мөлшерінде жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:

1 1) жасына байланысты зейнеткерлер;

2 2) мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға:

екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар балалар.

3 3. Аудандық бюджет қаржыландыру көзі болып айқындалсын.

4 4. «Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

5 5. «Хромтау аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жеңілдікпен жол жүру карталарын дайындауды қамтамасыз етсін.

6 6. «Хромтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген азаматтардың тізімдерін алуды қамтамасыз етсін.

7 7. Осы бірлескен Хромтау ауданы әкімдігінің қаулысы мен Хромтау аудандық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Хромтау ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

8. Осы бірлескен Хромтау ауданы әкімдігінің қаулысы мен Хромтау аудандық мәслихатының шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы