Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 121 · қабылданған 28.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-209712/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста Қаулы ·№ 121 ·28.04.2025
28.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қолданыста Қаулы ·№ 121 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
121
Қабылданған күні
28.04.2025
Көрсетілген редакция
28.04.2025 209712_755495.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25VS919416
ЭКБ идентификаторы
209712
Редакция идентификаторы
209712_755495
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:49

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1042 бұйрығына, «Мәдениет, мәдениет саласында білім беру, тілдерді дамыту, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №419 бұйрығына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

2

2. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 06 қаңтардағы №01 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8326 нөмірімен тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Шемонаиха аудандық
Мәслихатының төрағасы
Г. Акулов
«___» __________

5 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесі

2025 жылғы 28 сәуірдегі
№ 121 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

1 1) Негізгі персонал: әлеуметтік қызметкер.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

1 1) Басқарушы персонал: коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры;

2 2) Негізгі персонал: музыкалық жетекші, аккомпаниатор, көркемдік жетекші, барлық атаудағы әдістемеші, дыбыс операторы, мәдени ұйымдастырушы, хореограф, қоюшы режиссер, ұжым (үйірме) басшысы, кітапханашы, қазақ тілі мұғалімі.

3 3. Спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

1 1) Басқарушы персонал: коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы;

2 2) Негізгі персонал: жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, әдіскер, дәрігер, нұсқаушы-спортшы.

Қолданыстағы