Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы

Бұйрық · № 99 · қабылданған 30.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-209728/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Қолданыста Бұйрық ·№ 99 ·30.04.2025
30.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы

Қолданыста Бұйрық ·№ 99 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
99
Қабылданған күні
30.04.2025
Көрсетілген редакция
30.04.2025 209728_755613.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036062
ЭКБ идентификаторы
209728
Редакция идентификаторы
209728_755613
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:41

0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 30 сәуірдегі
№ 99 бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

1

1. «Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9940 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
1-тарау жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай - Заң) 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.».

2

2. «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары:
мынадай мазмұндағы 7-2-тармағымен толықтырылсын:
«7-2. Жалпы білім беретін мектепте тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы хабархат (хабарлама), оны есепке алу және алу «әлеуметтік әмиян» арқылы жүзеге асырылады.».

3

3. «Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30534 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарында:
33-1-тармағының 4) және 5) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«4) «Әлеуметтік әмиян» ақпараттандыру объектісіне тіркеу туралы ақпаратты бере отырып, мектеп асханасында тамақтануға ақы төлеуді, тегін және жеңілдікпен тамақтануды есепке алуды және тіркеуді қамтамасыз ету;
5) «Әлеуметтік әмиян» ақпараттандыру объектісінде білім алушылардың тамақтануы туралы ақпаратты көрсете отырып, мектеп асханасында ата-аналарды немесе басқа да заңды өкiлдерiн автоматты түрде хабардар ету;».

4

4. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 82 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32226 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары:
мынадай мазмұндағы 9-2-тармағымен толықтырылсын:
«9-2. Тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы хабархат (хабарлама), оны есепке алу және алу «әлеуметтік әмиян» арқылы жүзеге асырылады.».

Қолданыстағы