Құжат мәтініне өту

Об утверждении натуральных норм площадей для специфических помещений органов гражданской защиты

Бұйрық · № 164 · қабылданған 29.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-209734/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении натуральных норм площадей для специфических помещений органов гражданской защиты Қолданыста Бұйрық ·№ 164 ·29.04.2025
29.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении натуральных норм площадей для специфических помещений органов гражданской защиты

Қолданыста Бұйрық ·№ 164 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении натуральных норм площадей для специфических помещений органов гражданской защиты
Атауы (қаз.)
Азаматтық қорғау органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
164
Қабылданған күні
29.04.2025
Көрсетілген редакция
29.04.2025 209734_755463.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25O0000164
ЭКБ идентификаторы
209734
Редакция идентификаторы
209734_755463
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:44

0 Азаматтық қорғау органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Азаматтық қорғау органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормалары бекітілсін.

2 2. «Азаматтық қорғау органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 198 бұйрығының күші жойылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Тылдық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

2

2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Эталондық бақылау нормативтік-құқықтық актілер банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Азаматтық қорғау органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормалары

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
міндетін атқарушының
2025 жылғы « » № бұйрығына
қосымша
Азаматтық қорғау органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормалары
р/с №
Үй-жайдың атауы
Өлшем бірлігі
Үй-жайдың алаңы
1
Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы – ахуалдық орталығы (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен бейне конференция байланыс өткізу кабинеті)
шаршы метр
111
2
Кезекші қызмет басқару пунктін орналастыру үй-жайы
шаршы метр
50
3
Диспетчерлік қызметке арналған үй-жай
шаршы метр
50
4
Кезекші қызмет қызметкерлерінің демалыс үй-жайы
шаршы метр
30
5
Диспетчерлік қызмет қызметкерлерінің демалыс үй-жайы
шаршы метр
30
6
Кезекші-диспечерлік қызмет қызметкерлерінің тамақтанатын үй-жайы
шаршы метр
20
7
Ерлерге арналған кезекші ауысым қызметкерлерінің киім ауыстыру үй-жайы
шаршы метр
20
8
Әйелдерге арналған кезекші ауысымның киім ауыстыру үй-жайы
шаршы метр
20
9
Азаматтық қорғаныс сабақтарын өткізу үй-жайы (азаматтық қорғаныс сыныбы)
шаршы метр
124
10
Мемлекеттік құпияларды қорғау қызметкерлеріне арналған үй-жай
шаршы метр
95
11
Заттай үлесі және ағымдағы материалдық мүлік сақтау үй-жайы
шаршы метр
100
12
Азаматтарды қабылдау үй-жайы (қоғамдық арналған қабылдау)
шаршы метр
25
13
Деректерді өңдеу орталығына үй-жай (серверлік)
шаршы метр
45
14
Психологиялық жеңілдету бөлмесі
шаршы метр
30
15
Психофизиологиялық зертхана
шаршы метр
35
16
Полиграфологиялық зерттеу жүргізуге арналған үй-жай
шаршы метр
10
17
Фельдшер-диспетчерді орналастыруға арналған үй-жай
шаршы метр
10
18
Себезгі қондырғысы және кір жуғыш машинасы бар санитариялық-гигиеналық бөлме (ерлер бөлмесі)
шаршы метр
20
19
Себезгі қондырғысы және кір жуғыш машинасы бар санитариялық-гигиеналық бөлме (әйелдер)
шаршы метр
15
20
Өзін-өзі даярлау бойынша сабақтар өткізуге арналған үй-жай
шаршы метр
40
21
Көшпелі бригадалардың мүлкін жинақтауға және сақтауға арналған үй-жай
шаршы метр
15
22
Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы құралдарды беру пункті
шаршы метр
30-дан кем емес
23
«Адалдық алаңы» фронт офисі
шаршы метр
30
24
Заттай дәлелдемелерге арналған кабинет
шаршы метр
20

Қолданыстағы