Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня универсальных услуг телекоммуникаций

Қаулы · № 866 · қабылданған 18.08.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-20975/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении перечня универсальных услуг телекоммуникаций Күшін жойған Қаулы ·№ 866 ·18.08.2004
29.12.2007 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня универсальных услуг телекоммуникаций

Күшін жойған Қаулы ·№ 866 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня универсальных услуг телекоммуникаций
Атауы (қаз.)
Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiнiң тiзбесiн бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
866
Қабылданған күні
18.08.2004
Көрсетілген редакция
29.12.2007 AI20975_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040000866_
ЭКБ идентификаторы
20975
Редакция идентификаторы
AI20975_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:46

0 Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiнiң тiзбесiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. Қоса беріліп отырған телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiнiң тiзбесi бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

0 Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiнiң тiзбесi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 19 тамыздағы
N 866 қаулысымен
бекiтiлген
Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiнiң тiзбесi
Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiне мыналар жатады:

1 1) елдi мекендерде ұсынылатын тiркелген телефон байланысының (жергiлiктi, iшкi аймақтық және қалааралық) қызметтерi:

тұрғындар саны 500-ден 1000-ға дейiн - қоғамдық телефон/таксофон арқылы*;
тұрғындар саны 200-ден 1000-ға дейiн - қоғамдық телефон/таксофон арқылы**;
тұрғындар саны 1000-нан 3000-ға дейiн - аралас (ұжымдық***/жеке)**** қол жетiмділiктi ұйымдастыру;
тұрғындар саны 3000-нан астам - аралас (жеке/ұжымдық)***** қол жетiмдiліктi ұйымдастыру;

2 2) тұрғындар саны 3000-нан астам адам бар елдi мекендерде Интернетке ұжымдық қол жеткiзу қызметтерi;

3 3) "жай" және "шұғыл" санаттағы жеткiзудiң нормаланған мерзiмi бар жеделхаттарды жеткiзудi қоса алғанда, телеграфтық байланыс қызметтерi.

Ескерту
* - тұрғындар саны 200 адам және одан да көп елдi мекендердi телефондау жоспарын бекiткенге дейiн.
** - тұрғындар саны 200 адам және одан да көп елдi мекендердi телефондау жоспарын бекiткеннен кейiн.
*** - телекоммуникациялардың қызметтерiне ұжымдық қол жеткiзу мынадай жолмен iске асырылады:
әмбебап таксофондарды қоса алғанда, (қалааралық және халықаралық телефон қосылымдарын жүзеге асыру мүмкiндiгi) таксофондар орнату факсимильдi аппарат немесе модемдi қосу мүмкiндiгi бар тiркелген қосылымдар арқылы (жергiлiктi, қалааралық және халықаралық телефон қосылымдары, сондай-ақ басқа байланыс операторларының телекоммуникация желілерiмен автоматты тәсiлмен немесе телефонистiң көмегiмен қосу) дауыстау телефоны қызметтерiн ұсынатын ұжымдық пайдалану пункттерiн ұйымдастыру;
факсимильдi аппарат немесе модемдi қосу мүмкiндiгi бар, деректер тарату қызметтерi, Интернет желiсiне қол жеткiзу, алдыңғы қатарлы технологияларды қолданатын қызметтердi тiркелген қосылымдар арқылы (жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон қосылымдары, сондай-ақ басқа байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiмен автоматты түрде немесе телефонистің көмегiмен қосу) дауыстау телефоны қызметтерiн көрсететін телекоммуникация қызметтерiне қол жеткiзу орталықтарын ұйымдастыру;
**** - ұжымдық/жеке қол жетiмділік - телекоммуникациялар қызметтерiне ұжымдық қол жетiмдiлік артықшылығы;
***** - жеке/ұжымдық қол жетiмділік - телекоммуникациялар қызметтерiне жеке қол жетiмділiк артықшылығы.

Қолданыстағы